Обьявление

 Хабарландыру

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқарамасының Теректі ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша 2023 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 15:00 де  аудандық білім беру бөлімінің акт залында конкурс өтетінін хабарлайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

         2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;

          3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

          4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.

Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды аудандық білім беру бөлімінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді (PDF). Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттар қағаз нұсқада қабылданады.

Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 15-20 желтоқсан күндері аралығында жүзеге асырылады

Дата публикации
20 декабря 2023