«Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі»

«Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі»

2023 жылдың 2 қараша күні аудандық білім беру бөлімінің жанынан құрылған директорлар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Амангелді МББК-де Шежін, Амангелді, Мереке мектептерінің ұйымдастыруымен «Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі» атты аудандық семинары ұйымдастырылды. Семинарға білім беру ұйымдарынан жалпы 71 педагог және Амангелді МББК-нің ардагер ұстаздарының қатысуымен өтті.
Семинардың мақсаты - тәжірибемен және идеялармен алмасу; мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу болып табылады;
Шежін МББК-і: «Желілік қауымдастық». Мереке МББК-і: «СӘТ»жобасы (білім сапасын арттыруға арналған сабақтағы әдіс -тәсілдер). Амангелді МББК-і «Ұрпақтар сабақтастығы», және «Жобалық бағдарланған оқу»мектептегі әдістемелік жобалар жұмысын ұсынды. Сонымен қатар, мектептің мұражай жұмысы және «Экомектеп» жобасымен таныстырды. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бойынша «Ұлағат»ардагерлер кеңесінің және «Феномен» жас мамандар клубының бірлескен жұмыстары көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылар ұсыныс пікірлерін білдірді.