
Құрметті ата-аналар және баланың заңды өкілдері!
Тасқала аудандық білім беру бөлімі, «Мектепке жол» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулы шеңберінде тегін мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен мектеп жасындағы әр балаға 40 567 тг көлемінде қаржылай көмек тағайындалатынын хабарлайды.
Аталған қаулыға сәйкес мынадай санаттар бойынша білім алушылар қаржылай көмек ала-алады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
Мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шыққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыдан шыққан балаларға;
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға
Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Құжаттар мектеп әкімшілігінде қабылданады!!!