GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
21 октября 2026
Сырым ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссияның № 2 қорытындысы
21 октября 2026
Сырым ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссияның № 1 қорытындысы
21 октября 2026
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия құру туралы
21 октября 2026
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыз күнгі №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қосымша орналастыруда тізімдемені қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
08 октября 2026
«ЕҢБЕК ПЕН МҰРА»: СЕМИНАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ

«ЕҢБЕК ПЕН МҰРА»: СЕМИНАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ

Бағдарлама бойынша семинардың келесі қорытынды бөлігі «Еңбек пен мұра» танымдық экскурсиясы ретінде жалғасты. 
Семинар қатысушылары Сырым колледжінің жұмысымен танысты. Колледждің тыныс-тіршілігі мен негізгі бағыттарын колледж директорының міндетін атқарушы Берік Махсотұлы Хабибуллин таныстырды.
🌳 Семинардың  практикалық бөлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ағаш отырғызу және «Бір мектеп – бір бақ» экологиялық жобасы аясындағы жәрмеңкемен жалғасты.
🌱 «Бір мектеп – бір бақ» жобасы білім беру ұйымдарының аумағын көгалдандырумен қатар, оқушыларды еңбекке, табиғатты қорғауға, туған жерге жауапкершілікпен қарауға және ортақ іске белсенді атсалысуға тәрбиелеуге бағытталған.
🤝 Жоба аясында білім мен тәрбие, экология мен еңбек, мектеп пен қоғам өзара сабақтастық тауып, нақты іске ұласты. Ағаш отырғызу, мектеп аумағын көркейту, еңбек нәтижесін ұсыну арқылы оқушылар өз білімдерін практикалық әрекетпен ұштастырды.
🎶 Күн соңында семинар жұмысы қорытындыланып, Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің  сазды композициясы ұсынылды.
🎤Семинар соңында қатысушылар тарапынан кері байланыс беріліп, ұсынылған тәжірибелер мен мазмұнды жұмыстарға жоғары баға берілді. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары семинардың мазмұндық әрі практикалық тұрғыдан құнды тұстарын атап өтіп, өздеріне қажетті жаңа идеялар мен алған тәжірибелермен бөлісті. Әсіресе білім берудегі инновациялық жобалар, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, тәжірибе алмасу және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Семинардың қорытынды сөзінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова іс-шараның мазмұнына тоқталып, ауданның білім беру ұйымдары ұсынған тәжірибелердің маңызын атап өтті. Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, кәсіби ізденістеріне сәттілік тіледі.
💐 Өз кезегінде Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов семинарға қатысқан қонақтарға, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне ризашылығын білдіріп, ауданның тәжірибесін жоғары деңгейде ұсынуға атсалысқан барлық әріптестерге алғыс айтты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде мазмұнды тәжірибе алмасу алаңы қалыптасқанын атап өтті.
✨ Осылайша, 18 қыркүйектегі кәсіби басқосу Құспанкөлдегі жаңа мектептен басталып, білім беру ұйымдарының жобалық және цифрлық тәжірибелерімен жалғасып, аудандық білім беру жүйесінің есебі, мектепке дейінгі тәрбие, жас мамандарды қолдау, жасанды интеллект, «Парасат платформасы», «Сырымнама» тарихи-анимациялық жобасы, балабақша, музей, колледж және «Бір мектеп – бір бақ» экологиялық бастамасына дейінгі кең ауқымды бағыттарды бір күннің бағдарламасына тоғыстырды.
💫 Семинардың мазмұндық желісінде білім беру ұйымының бүгінгі мүмкіндігі мен ертеңгі мақсаты, идея мен нақты өнім, тарихи мұра мен цифрлық технология, кәсіби тәжірибе мен жаңа ізденіс, білім мен еңбек, табиғат пен тәрбие өзара сабақтастық тапты.
“Өсу векторы” – тәжірибені бөлісу, жаңа идеяны қолдау және нақты нәтижеге бағытталған кәсіби дамудың ортақ алаңы.

https://www.facebook.com/share/v/1DGrwZZxoH/?mibextid=wwXIfr

08 октября 2026
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР АЯСЫНДА ЖАҢА «ТАМАША» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ!

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР АЯСЫНДА ЖАҢА «ТАМАША» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ!💥

Облыстық семинар бағдарламасындағы үшінші бөлігі — Сырым ауданындағы заманауи, зәулім, 81 орындық «Тамаша» бөбекжайының салтанатты ашылу рәсімі болды.Мемлекетіміздің «Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жеке секторды тарту жұмыстарының жарқын дәлелі болған бұл маңызды жобаның құрылтайшылары – ел болашағына үлес қосып отырған Нұрмухановтар әулеті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетов,  БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ардагер-ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты.

Осынау зор қуанышпен құттықтап, ізгі тілектерін білдіру үшін алғашқы сөз кезегі Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетовке, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірхановаға және «Тамаша» бөбекжайының құрылтайшысы Аида Баянбекқызы Нурмухановаға берілді.               

🎗️Жаңа ғимараттың салтанатты лентасын Ақжарқын Мұтиғоллақызы мен құрылтайшы Аида Баянбекқызы Нурмуханова қиып, балабақша табалдырығын аттаған қонақтарға қазақы дәстүрмен шашу шашылып, ақ ұсынылды.

Мерекелік шара барысында Гулшат Нұрболатқызы Нурмуханованың жетекшілігімен биші қыздарымыз мың бұрала қазақ биін билесе, «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері ақын Қадыр Мырзалиевтің жыр шумақтарын нақышына келтіре оқып, жиналған қауымды тәнті етті.

💥Семинар қонақтары мен қатысушыларын балабақша құрылтайшысы Аида Баянбекқызы Нурмуханова жаңа бөбекжайдың ішкі заманауи үлгіде жабдықталған топтарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

“Тамаша” бөбекжайының есігі балалардың сыңғырлаған күлкісіне толсын!🩷🌸

https://www.facebook.com/share/v/1D8JkkWUgD/?mibextid=wwXIfr

08 октября 2026
ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: «ӨСУ ВЕКТОРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ СЫРЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БАҒЫТЫ

ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: «ӨСУ ВЕКТОРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ СЫРЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БАҒЫТЫ

2026 жылғы 18 қыркүйекте Сырым ауданында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Сырым ауданының білім беру бөлімі ұйымдастырған «Өсу векторы» жобасы аясындағы «Білім беру менеджменті: тиімді басқару – сапалы нәтиже» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. 
Семинардың негізгі мақсаты – Сырым ауданының білім беру жүйесінде қалыптасқан озық тәжірибелерді, инновациялық жобалар мен цифрлық шешімдерді таныстыру, білім сапасын арттырудың заманауи бағыттарын көрсету, педагогтер мен білім беру ұйымдарының кәсіби ізденісін қолдау және нәтижелі тәжірибені тарату болды. 
Семинар аясында ауданның білім беру саласындағы жүйелі жұмыстары мен даму бағыттарын көрсету, білім беру ұйымдарындағы инновациялық, әлеуметтік, экологиялық, жобалық және шығармашылық бастамаларды таныстыру, «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін көрсету, идеядан нақты өнімге дейінгі жобаларды ұсыну, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны заманауи білім мазмұнымен сабақтастыру, білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды дәріптеу, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары, балабақша және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты көрсету көзделді. 
Сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен серіктестік байланыстар қалыптастыруына жағдай жасау және ауданның білім беру брендингін қалыптастыратын үздік жобаларды облыстық деңгейде таныстыру міндеттері белгіленді. Семинарға БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, колледж директорлары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 
Семинардың алғашқы бағыты Құспанкөл негізгі орта мектебінен басталды. Жуырда жаңадан салынып, қолданысқа берілген мектепте семинар қонақтарын Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов қарсы алды. Құспанкөлдегі жаңа білім ордасын аралау барысында мектеп директоры Серік Еркінұлы Қадыров білім ордасының жұмысын таныстырды. Жаңа мектептің семинар бағдарламасына алғашқы нысан ретінде енгізілуі ауыл мектебінің материалдық және білім беру ортасын жаңғырту бағытын көрсетуге мүмкіндік берді.

https://www.facebook.com/share/v/19TDQFtMLD/?mibextid=wwXIfr

08 октября 2026
ТИІМДІ БАСҚАРУДАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ

ТИІМДІ  БАСҚАРУДАН  – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ

«Өсу векторы» жобасы аясындағы «Білім беру менеджменті: тиімді басқару – сапалы нәтиже» тақырыбындағы облыстық шараның мазмұндық бөлігі Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектепте жалғасты. 
Шара қонақтары Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 80 оқушысы бір демде орындаған Қадыр ақынның «Ұлы махаббат» көркемсөз композициясын тамашалады. Одан кейін қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстары «Дәстүрден инновацияға» тақырыбымен таныстырылды.
💡 Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің базасында «Ізденіс пен инновация: идеядан нәтижеге» жобалық көрмесі ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан жобалық жұмыстар көрермен назарына ұсынылды. Олардың қатарында:
🔹 «Түлектер – туған мектеп тірегі»;
🔹 «Құс өсірсең қаз өсір, пайдасы оның көл-көсір»;
🔹 «Жасыл әлем – жарқын болашақ»;
🔹 «Табиғатпен үндес тәрбие»;
🔹 «Жібек жолы ортағасырлық логистика жүйесі: Керуен қозғалысының алгоритмі»;
🔹 «Инстаәдебиет»;
🔹 «Neo Yurt» ақылды киіз үйі;
🔹 «Цифрлы жылыжай» жобалары.
💻 Аталған жұмыстар «Цифрлы қадам: идеядан интеллектуалды өнімге» бағыты аясында ұсынылып, цифрлық технологиялардың білім, тәрбие, кәсіпкерлік, экология, өлкетану және практикалық бағыттармен сабақтастығын көрсетті.
🏆 Сонымен қатар тақырыптық алаңдарда ауданның спорттағы жетістіктері, ұлттық дәстүр, қолөнер, біртұтас тәрбие, ата-аналар тәжірибесі және өлкетану бағытындағы жұмыстар ұсынылды. Қадыр мектебінің мұражайы да қонақтар назарына ұсынылып, ауданның білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстар біртұтас мазмұндық композиция ретінде көрініс тапты.
🎤 Семинар жұмысының пленарлық бөлімінің ашылу салтанатына Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетов, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары мен әдістемелік орталық меңгерушілері, колледж директорлары, мектеп басшылары, ардагер ұстаздар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
🌟 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова алғы сөз сөйлеп, білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ауданның білім беру жүйесін дамытуға үлес қосып, нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларды марапаттады.
📚 Пленарлық бөлімде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов «Аудандық білім беру бөлімінің атқарылған жұмыстары бойынша есебін» ұсынып, аудандық білім беру жүйесінің атқарған жұмыстары мен негізгі бағыттарына тоқталды.
Сонымен қатар білім берудің әр бағыты бойынша озық тәжірибелер де ортаға салынды.
Аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Айсұлу Марксқызы Махсотова «Мүмкіндіктен – нәтижеге: мектепке дейінгі ұйымның жетістік формуласы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесін таныстырса, мектеп-лицейінің директоры Гүлнұр Сабырқызы Кенесарина «Жас маман: кәсіби ортадан педагогикалық шеберлікке» тақырыбында жас педагогтің кәсіби қалыптасуындағы мектеп ортасының, басшылық қолдауының және әдістемелік сүйемелдеудің маңызына арналған тәжірибесін ұсынды.
🤖 В.Шубин атындағы орта мектептің директоры Роза Владимировна Ихсанова «Жасанды интеллект арқылы мектептегі буллингтің алдын алу: педагог тәжірибесіндегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбын таныстырып, білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын жаңа бағытта қолдану тәжірибесімен бөлісті.
📖 Бұл бөлімнің мазмұндық желісі ұрпақтар сабақтастығына арналды. Білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы, Сырым ауданының құрметті азаматы Гүлбақша Халиахметқызы Ерғалиева «Парасат платформасы» жобасы – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі» тақырыбында ой бөлісті. Бұл ретте аға буынның педагогикалық тәжірибесін, өмірлік өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселесі көтерілді.
🎬 Пленарлық бөлімнің тағы бір ерекше мазмұндық жобаларының бірі – «Сырымнама: цифрлы тарих» жобасы негізінде әзірленген анимациялық фильмнің тұсаукесері болды.
🖥️ Жоба аудан тарихына қатысты деректер мен ауызша тарих үлгілерін жинақтап, оларды генеративті жасанды интеллект және анимациялық технологиялар арқылы заманауи цифрлық форматта ұсынуға бағытталған. Жоба идеясының авторы – Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов, ал тарихи деректерді заманауи цифрлық форматқа айналдырып, анимациялық фильмді әзірлеуді ауданның шығармашылық жұмыс тобы жүзеге асырды.
✨ Семинар барысында ұсынылған тәжірибелер білім берудегі дәстүр мен инновацияның, цифрлық технология мен адамдық құндылықтардың, идея мен нақты нәтиженің өзара сабақтастығын айқын көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіби алаң қалыптастырды.

https://www.facebook.com/share/v/1FcX5NdnV5/?mibextid=wwXIfr

 

08 октября 2026
КІТАППЕН ӨРІЛГЕН ЖЕТІСТІК

КІТАППЕН ӨРІЛГЕН ЖЕТІСТІК

Бүгін М. Еслямғалиев атындағы орталықтандырылған кітапхананың Қадыр Мырза-Әлі атындағы залында Сырым ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиет оқуға ынталандыру мақсатында «Кітап – ақыл-ой қазынасы, рухани мұрасы» атты тағылымды шара өтті.📚

Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, аудандық мәслихат төрайымы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы, «Әділет» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Дарғожиев Талғат Мұратұлы, білім беру бөлімінің басшысы Жамбылов Әкежан Әлібекұлы, 

ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, кітапхана қызметкерлері және Шыңғырлау ауданынан арнайы келген делегация қатысты.

Айтулы басқосудың басты сәттерінің бірі – Шыңғырлау ауданында өткен облыстық «Мен оқыған 30 кітап» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленген Сырым мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Батырғали Айару Нұрболқызын марапаттау болды.🌟

Арнайы марапатты табыстау үшін  кітап оқу мәдениетін насихаттауға үлес қосып жүрген азамат, жергілікті ақын, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, облыстық байқаудың әділ қазыларының өкілі Шотпанов Адақ Танабайұлы және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Байболат Самат Сергеевич қатысып, салтанатты сәтте Айаруға  «Кітап оқу амбассадоры» төсбелгісін тағып, куәлігін табыстады🎉. 

Сонымен қатар Айарудың ата-анасына Шыңғырлау ауданы әкімінің Алғыс хаты табысталып, жас оқырманның жетістігіне ізгі тілектер білдірілді.

📖 Тағылымды шара кітап оқудың маңызын насихаттап, жас ұрпақты білімге, ізденіске және рухани құндылықтарды бағалауға үндеді.

👏 Батырғали Айаруды  айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кітап әлеміндегі ізденісі мен шығармашылық қадамына сәттілік тілейміз!💥

08 октября 2026
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – МӘРТЕБЕ

 ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – МӘРТЕБЕ🌿

Мұғалімдер күніне орай облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасында ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік кеш барысында ауданымыздың білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздары мәртебелі марапаттарға ие болды.

🏅 «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен

Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Жанадилова Венера Губайдуллиевна;

📜 «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен

М. Каналиев атындағы МББК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Канатова Гульсим Жумашевна марапатталды.

 

Құрметті ұстаздар! Мәртебелі марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы әрдайым сіздерге қуаныш сыйласын!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы