♦️60 жылдық мерейтойы аясында «Қайрат Рысқұлбеков атындағы «№33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Әр бала маңызды: бастауыш сыныптағы қолжетімді және сапалы білім беру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
👩🏫Аталмыш іс-шараға білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
📚Іс-шара барысында педагогтер заманауи оқыту әдістерін таныстырып, білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруге бағытталған тиімді тәсілдерді талқылады.
🖊️Тәжірибе алмасу нәтижесінде қатысушылар бастауыш білім беру сапасын арттыруға, әр балаға тең мүмкіндік жасауға және оқу үдерісіне қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірледі.
♦️Семинар соңында мұғалімдер пікір алмасып, кері байланыс орнатты. Педагогтер өз пікірлерінде семинардың тиімділігін, оның практикалық маңыздылын атап өтті.
♦️Пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. 👩🏫«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру» бағыты бойынша аталмыш іс-шараға 15 педагог қатысты.
🥇Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Ахмерова Ирина Васильевна (№28 ЖОББМ) жеңіп алды.
🥈ІІ орынды Муханова Гульмира Кулжатаевна (№21 ЖОББМ), Куандыкова Сая Тукеновна (№38 ЖОББМЛ);
🥉ІІІ орынды Кожанова Тогжан Ахметкановна (№17 ЖОББМ), Кожева Лариса Сергеевна ( №28 ЖОББМ), Кабакова Карлыга Аманжоловна (№38 ЖОББМЛ), Төкенова Арайлым Жұмабекқызы (№42 ЖОББМ) иеленді.
📌Байқаудың жеңімпазы Ахмерова И.В. облыстық кезеңге жолдама алды.
♦️Байқаудың жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтаймыз!
Байқау барысында Семей қаласына қарасты білім беру мекемелерінің 20 педагогі өтінім беріп, өздерінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық тәжірибесін, шығармашылық ізденістерін, білім беру саласындағы жетістіктерін және заманауи оқыту тәсілдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 3 педагог «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының ІІ кезеңіне (облыстық кезеңге) қатысып, ІІІ (республикалық) кезеңге жолдама алды:
Есенбаева Жанар Байузаковна — Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясы;
Ногаева Багжан Макашевна — Семей қаласы білім бөлімінің №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі;
Нуримханова Енлик Семейгазыевна — Семей қаласы білім бөлімінің №51 жалпы орта білім беретін мектебі;
Жақсы нәтиже көрсетіп, төмендегі орындарды иеленген педагогтер:
ІІ орын иегерлері:
Акылбаева Гульзира Каримтаевна - № 8 «Балбөбек» балабақшасы
Назирова Жанар Назарбековна - Семей қаласы білім бөлімінің №42 жалпы орта білім беретін мектебі;
Рыжова Ирина Александровна - Семей қаласы білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
Садыкова Асира Серкпаевна - Семей қаласы білім бөлімінің №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейі;
ІІІ орын иегері:
Жекенова Жұлдыз Ернарқызы - Семей қаласы білім бөлімінің №29 жалпы орта білім беретін мектебі;
Семей қаласының үздік ұстаздарына республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.
2026 жылғы 29 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша №52 «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагогикалық ұжымына тәрбие жұмысы бағыты бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмысы жүргізілді.
Жұмыс барысында тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Педагогикалық ұжымға тәрбие жұмысын тиімді жоспарлау, ата-аналармен байланысты нығайту және білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Білім бөлімі.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті.
Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.
Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты. Олар қала және қала маңындағы мектептердің 8-10 сынып оқушылары. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
I орын – Жөкен Жансая (№22 ЖОББМ);
II орын – Жұмашхан Айғаным (№7 ЖОББМ), Мадетхан Балжан (№23 ЖОББМ);
III орын – Санақбек Кәусар (№42 ЖОББМ), Тоқметова Жанасыл (№27 ЖОББМ), Мұратбекұлы Мирас (№50 ЖОББМ); Қадыртай Нұрдәулет №16 ЖОББМ.
«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 2 шілдедегі Nº317 бұйрығымен педагогикалық кеңестің қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі
нақтыланады.
Педагогикалық кеңес құрамына білім беру ұйымының барлық педагогтері кіреді. Кеңес өз құрамынан бір оқу жылына төраға мен хатшыны
сайлайды.
Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және білім беру ұйымы басшысының қолымен бекітілген болуы керек.
Педагогикалық кеңес қызметін нормативтік
талаптарға сәйкес ұйымдастыру - қабылданған
шешімдердің негізділігі мен орындалуын қамтамасыз етудің маңызды шарты.
#педкеңес
Семей қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектепке білім беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман Чултуков Нартай Советханұлы директор болып тағайындалды. Педагогика ғылымдарының магистрі, математика пәнінің мұғалімі, мұғалім-сарапшы, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Ұлыбритания, Сингапур, Қытай және Ресейдің білім беру жүйелерін зерделеп, халықаралық тәжірибе жинақтаған. Мұғалім, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметтеріндегі мол басқарушылық тәжірибесі бар. Шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жүлделі орындарға ие болған. Жаңа басшының кәсіби білімі мен басқару тәжірибесі мектептің білім сапасын арттыруға және одан әрі дамуына бағытталатын болады.
2023-2024 ж. Семей қаласы, «Жас Абай» жекеменшік мектебінің директоры;
2025-2026 ж. Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің директоры қызметін атқарған.
🔊 Құрметті педагогтер!
«Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Конкурстың қалалық кезеңінде білім беру ұйымдарының педагогтері арасынан кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен және білім беру саласына қосқан үлесімен ерекшеленген үздік педагогтер анықталады.
Конкурсты өткізу тәртібі, мерзімі, қатысу талаптары мен бағалау критерийлері қолданыстағы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. (adilet.zan.kz)
2026 жылдың 27 тамыз күні Республикалық «Үздік педагог-2026» байқауының қалалық кезеңі басталады.
🔺Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы педагогтері қатыса алады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады.
Конкурс аясында педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Конкурстың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңінің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.
🔺27 тамыз - 11 қыркүйек аралығында аудандық кезең (27 тамыз – 3 қыркүйек аралығында құжаттарды жүктеу, 4 – 11 қыркүйек аралығында өңірлік комиссияның шешімі);
🔺Қалалық кезеңнің жеңімпазы 14 - 21 қыркүйек аралығында өтетін облыстық кезеңге (14 – 16 қыркүйек құжаттарды жүктеу, 17 – 21 қыркүйек аралығында өңірлік комиссияның шешімі) қатысады.
«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүргізіледі.
Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында өткізілген бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілерінің секциялық отырысы
♦️Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында «Жаңа Конституция құндылықтары – бастауыш білім беруді дамытудың бағдары: білім беру тәжірибелері және жасанды интеллект» тақырыбында секциялық отырысы өтті.
👩🏫Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Тамыздағы кездесу алдағы оқу жылына қатысты мәселелерді талқылайтын алаң ғана емес, кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және тиімді әдістемелік шешімдерді іздеу кеңістігіне айналды.
📌Назарда — жаңа оқу жылы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Борисова Ирина Александровна «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2026-2027 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хатымен таныстырды және жаңа оқу жылындағы бастауыш білім беру ерекшеліктері жөнінде баяндады. Нормативтік база, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, оқу жылының ұзақтығы, демалыс кезеңдеріне, сондай-ақ «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бірыңғай тәрбие бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.
🔷 Жаңа оқу бағдарламасы және бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер кәсіби талқылаудың маңызды бағытына айналды. Дерябина Екатерина Павловна (№12 ЖОББМ) жаңартылған бағдарламаның негізгі жаңалықтары мен әдістемелік бағдарларымен таныстырды. Кривченко Евгения Николаевна (№30 ЖББМ) оқушылардың білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалауға қойылатын өзгерістер мен талаптарға тоқталды.
📚Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт. Отырыста оқу сауаттылықты қалыптастыру мәселесіне ерекше мән берілді. №6 гимназияның мұғалімі Балуева Юлия Николаевна гимназияда 2026–2027 оқу жылына әзірленген «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы, жобаның тұжырымдамасы, кезеңдері және күтілетін нәтижелері туралы айтты. Кәсіби сұхбат Ольга Александровна Четыркинаның «XXI ғасырдың оқу сауаттылығы: бастауыш мектептегі заманауи білім беру тәжірибелері» тақырыбындағы шеберлік сыныбымен жалғасты. Шеберлік сыныбы барысында педагогтер бастауыш сынып оқушыларының саналы оқуын, сыни ойлауын және шығармашылығын дамытуға бағытталған практикалық әдіс-тәсілдер және әдістемелік әзірлемелермен танысты.
👩💻 Жасанды интеллект — заманауи педагогтің құралы. Заманауи мектеп цифрлық трансформация жағдайында дамып келеді, сондықтан отырыста оқу материалдарын дайындау, сабақты жоспарлау және оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктеріне назар аударылды. Кашникова Елена Васильевна (Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ) бастауыш сынып оқушыларының функционалдық және оқу сауаттылығын дамытуда педагогке пайдалы болатын интернет-ресурстар мен құралдарды көрсетті.
🖊️ Кәсіби диалогтан — бірлескен шешімдерге. Тамыз секциясының басты құндылығы — пікірлердің ашық алмасуында болды. Қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді талқылап, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
📌Отырыстың соңында рефлексия жүргізіліп, бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің алдағы әдістемелік жұмысын айқындайтын ұсынымдар қабылданды.
♦️ Бірге — жаңа білім беру нәтижелеріне қарай. Қалалық әдістемелік бірлестіктің тамыздағы отырысы бастауыш сынып мұғалімінің маңызды білім беру өзгерістерінің ортасында тұрғанын көрсетті. Педагог алдында жаңа міндеттер тұр: функционалдық сауатты, кітап оқитын, ойлай алатын және ақпаратпен жұмыс істей білетін тұлғаны қалыптастыру, бағалаудың заманауи тәсілдерін меңгеру, цифрлық мүмкіндіктер мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану, өзінің кәсіби тәжірибесін үнемі жетілдіріп отыру.