
Қалимұрат Балнұр Адлетқызы – «Талица негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушысы. Республикалық «Жыр жауһары» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнермен үздік деп танылып, ІІІ дәріжелі дипломмен марапатталды. Аймақтық Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы мәнерлеп оқу байқауында жүлделі орын алып, ІІІ дәрежелі алғыс хатқа және сыйақысы бар сертификатқа ие болды. Қалалық шығармашылық фестивальде патриоттық бағыттағы «БЕЙНЕРОЛИК» номинациясы бойынша ІІІ орын алды.Республикалық «Ұлы дала мұрасы» балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында көркем сөз жанры бойынша І орын үшін дипломмен және медальмен марапатталды. Республикалық «Поэзия, менімен егіз бе едің?» балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда көркем сөз жанры бойынша І орын иегері атанды.
Келешекте қазақ тілі мен әдебиетінің тамаша маманы болатынына сеніміміз мол.