ШҚО білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ұйымдастырған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слетіне құрамына 785 оқушы мүше болып кіретін Семей қаласының 65 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қатысты. «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында және ағымдағы оқу жылының қазан айында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Жоспарды орындау бойынша Т. Аманов атындағы № 16 және № 49 ЖОББМ облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауына қатысып, оның қорытындысы бойынша
Т. Амановатындағы № 16 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Екпінқызы Еркежан өзінің Чурчутбаевтар отбасымен бірге бас жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасы бойынша білім беру мекемелерінде тұрақты негізде «Адалдық сағаты» парасаттылық сабақтары өткізіледі және әлеуметтік желілерде, білім бөлімінің және мектептердің сайттарында жарияланады. Бұдан басқа, оқу жылы бойы оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді қалыптастыру бойынша іс – шараларға: дәрістерге, «дөңгелек үстелдерге, дебаттарға, үздік бейнероликтерге, суреттер, эсселер, акциялар және т.б. конкурстарға белсенді қатысады.