2020 жылғы 25 ақпан күні сағат 10.00-де қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтың төрағалығымен Семей аймақтық ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбек Абдигаппарұлы Қасымбектің қатысуымен мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерінде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы сұрағы бойынша жиын өткізілді.
Жиынға қала әкімі аппаратының басшысы, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, қаланың білім беру мекемелерінің директорлары мен бас бухгалтерлері қатысты.
Мемлекеттік мекемелерде орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шаралар бойынша бойынша Семей өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбек Абдигаппарұлы Қасымбек баяндады.
Жиында ұсыныстар қабылданды.