Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесінің танымал сарапшылардың баға беруі бойынша обьективті елдерден тәуелсіз бағалау жүргізетін TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері елімізде өткізілуде.
Kundelik.kz - Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
ҰБДҚ-бұл білім беру саласының алғашқы статистикалық деректерін жинау және өңдеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ЭОЖ (электрондық оқыту жүйесі) кіші жүйесі. ҰБДҚ – да "білім беру ұйымы – білім бөлімі – білім басқармасы-ҚР БҒМ"тізбегі бойынша қолмен толтырылған және жиналған әкімшілік есептер үшін деректерді жинау автоматтандырылған.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету жҽне цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
2018 жылдан бастап IT класс жобасы жүзеге асырылуда. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ІТ-сынып жобасы облыстағы барлық ауыл мектептерін де қамтиды.
Жобаның негізгі мақсаты – АКТ құзіреттілігін қалыптастыру, эксперименттік жұмыс, оқушылардың тұлғалық бағыттылығы, робототехниканы енгізу.