Семей қаласында 61 мектепке дейінгі ұйым (15 мемлекеттік, 46 жеке-меншік) және орта білім беру мектеп жанындағы 5 шағын орталық қызмет етеді. Балабақшалар мен шағын-орталықтарда барлығы 11 мыңнан астам бала қамтылған. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту – 100% құрайды.
Жалпы білім беру мекемелер жүйесінде: 66 - мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер; 1- жеке меншік; 1 - кешкі. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны – 24, орыс тілінде - 9, оқыту екі тілде білім беретін мектептер -33. Мемлекеттік мектептерде 1-11 сыныптар аралығында 46152 оқушы білім алуда (2018ж- 44485, 2017ж- 43463, 2016 ж.-41939, 2015ж. – 39636). Олардың ішінде қалалық жерлерде - 43911 (2018ж-42217, 2017ж-41206, 2016 ж.-39625, 2015ж.-3711, 2014ж.-35719) оқушы, ауылдық жерлерде – 2241 (2018ж-2268, 2017ж- 2257, 2016 ж-2314, 2015 ж. – 2325, 2014 ж. –2404, 2013ж. – 2470) оқушы.
Қазақстанның мемлекеттік саясаты әр баланың құқығын қорғауға бағытталған. Елбасымыз: «Біздің елімізде дүниеге келген әрбір бала – қазақстандық. Мемлекет оларды қорғау керек» - деген.