«Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау шарасы
2024 жылғы 19 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «ZERDELI» ақыл ой дамыту орталығы бірлесіп «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңінде Бас жүлде және 1, 2, 3 орынды иеленген дарынды оқушылар мен оларды қолдауға атсалысқан өңірлік әдіскерлерді марапаттау шарасын өткізді. Аталмыш шараға Семей қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары, олардың жетекшілері, ата-аналары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Педагогтерге семинар ұйымдастырылды. «ZERDELI» ақыл ой дамыту орталығы директоры Ырысбек Мәуіт, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық академиясының академигі Жұмаділдаев Асқар Серікұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сулейменова Жұлдыз Досбергенқызы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі Өжет Мәуіт құттықтау сөз айтып, дарынды оқушыларға медаль, диплом және сыйлықтар табыстады. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыз Молдағали Байжан, Тоқтағазы Кәрім (Семей қаласының №6 гимназиясы, 3 сынып), Қуанышев Әділхан (№23 ЖОББМ, 4 сынып), Нұрланұлы Алимжан (№43 ЖОББМ, 4 сынып), Қусманов Елназар (Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия, 4 сынып), Хасен Ерсұлтан (№47 ЖОББМ, 4 сынып), Зейноллаев Дарын (Приречное ЖОББМ, 4 сынып), Тулеуханов Батырхан (Экономикалық лицей, 5 сынып), Думанұлы Даурен (Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия, 6 сынып), Искаков Асылтанды (Экономикалық лицей, 5 сынып) атап өтуге болады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша Семей қаласының 5-6 сынып оқушылары Бас жүлдені иеленді, ал 3-4 сынып оқушылары І орынды жеңіп алды.
«Алтын сақа» Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін, олардың жетекшілері мен ата-аналарын құттықтаймыз!