КГУ "Средняя общеобразовательная школа-лицей№22" объявляет конкурс на занятие вакантной должности заместителя директора по хозяйственной работе

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы:Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары бос орын қызметіне.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:индекс 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 20

Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекен-жайы :student070707@mail.ru

Конкурсқа қатысуғ аөтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында, конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 17.03-30.03.2026 жылға дейін сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

  1. Лауазымдық міндеттері

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады:

     3.1. Талдайды:

∙      шаруашылық қажетіне бөлінген қаржылық және материалдық қаражаттың дер кезінде, орнымен және тиімді жұмсалған-жұмсалмағандығын;

∙      материалдық-техникалық базасының жай-күйін;

∙      кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының нәтижесін.

     3.2. Болжам жасайды:

∙      материалдық-техникалық базасын дамыту стратегиясына түзетулер енгізу үшін білім беру ісіндегі қаржы саясаты жағдайларының өзгеру тенденцияларын;

∙      материалдық-техникалық базасын жетілдіру мен дамыту жөнінде жоспарланған жұмыстардың болашақ салдарлы нәтижелеріне.

     3.3. Жоспарлайды және ұйымдастырады:

∙     кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының ағымдағы және перспективалық сипаттарын;

∙     техникалықжәне қызмет көрсету персоналдарын жұмыс орнында үйретуді және нұсқамалар беруді (алғашқы және мерзімдік);

∙     қажетті шаруашылық құжаттамаларын әзірлеуді;

∙     кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының сапасына жүйелі түрде бақылау жасауды;

∙     өткізілетін емтихандар мен өзге де шаралар үшін орын-жайлар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;

∙     территорияны көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;

∙     оқу кабинеттері мен өзге де орын-жайларын оқытудың заманауи жабдықтарымен, көрнекі және техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі шараларды;

∙     білім беру процесінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды;

∙     орын-жайларында электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеу, жылу желісі мен сығымдалған және сұйытылған газ түрлеріне арналған баллондар қысымында жұмыс істейтін сауыттарды мезгілдік сынақтан өткізу мен куәландыру, нормативтік талаптар мен еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ауа құрамындағы шан, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдау, жарықты өлшеу, радиацияның, шудың бары-жоғын тексеру шараларын жүргізуді;

∙    директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді;

∙    медицина мекемесімен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтіп тұруға тиісті кіші қызмет көрсету персоналы тұлғаларының тізімін жасауды; ол тізімде мерзімдік медициналық байқаудан өту қажеттігі себебін, яғни факторын көрсетуді;

∙    мүліктерін инвентарлық есепке алуды; мүліктерге инвентаризация жасап, есеп беру құжаттарын дер кезінде жасайды, өзіне бекітілген жұмыс учаскесі бойынша құжаттама жүргізеді;

∙    материалдық жауапты тұлғалардың материалдық жабдықтарды дер кезінде есептен шығару жұмыстарын;

∙    кем дегенде 5 жылда 1 оет техникалық персоналға арналған жұмыс түрлері бойынша еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуді ұйымдастырады;

∙    ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.

     3.4. Үйлестіреді және жүргізеді:

∙    қажетті шаруашылық құжаттамаларын;

∙    кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстары мен жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру ісін атқарушы сырт ұйымдар өкілдері қызметін;

∙    бухгалтериямен бірлесе отырып материалдық жабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;

∙    техникалық персоналдың жұмыс уақыттарын есепке алуды;

∙    мемлекеттік сатыр алу жөніндегі шарттарды.

     3.5. Басқарады:

∙     шаруашылық қызметін;

∙     территорияны көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;

∙     кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарын;

∙     кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының ынталандыру жүйесін жүзеге асыруды.

     3.6. Бақылайды:

∙     кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының сапасын;

∙     материалдық жабдықтау көздерінің (жиһаздар, жабдықтар, материалдар, су, электр және жылу энергиялары, шаруашылық қажеттеріне бөлінген қаржы қаражаттары және т.б.) тиімді жұмсалуын;

∙     білім беру процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі оқыту құралдарының қауіпсіздігін;

∙     шарт бойынша жүргізілетін жөндеу, техникалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарының сапалы және дер кезінде атқарылуын;

∙    бухгалтериямен бірлесе отырып материалдық жабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;

∙     ғимаратының, жабдықты орындарының, сыныптарының, оқу кабинеттерінің, шеберханаларының, спорт залының, басқа да орын-жайлары мен мүліктерінің, медициналық кабинеттің, асхананың, буфеттің тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сәйкес тиісті техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайда ұсталуын, қажетінше күтім жасалуын;

∙     судың, электр энергиясының, жылудың жұмсалу шығынын есептеу приборлары көрсеткіштері негізінде тексеріп, жоғары тұрған және бақылаушы мамандандырылған ұйымдарға белгіленген нормамен сәйкестік жөнінде салыстырып тексеру актісін тапсырады.

     3.7. Жөндеу жүргізу, күтім жасау және жарақтандыру жұмыстарының орындалу барысына түзетулер енгізеді.

     3.8. Әзірлейді:

∙     өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттамаларды;

∙     шаруашылық дербестігін кеңейту, коммуналдық және басқа қызмет көрсету түрлері бойынша дер кезінде қажетті шарт жасау жөнінде тиісті шаралар.

     3.9. Қамтамасыз етеді:

∙     техникалық күтім жасау, жарақтандыру, жөндеу жұмыстары бойынша қажетті шаруашылық шарттарының дер кезінде және орнымен жасалуын;

∙     материалдық-техникалық жарақтар мен жабдықтар алуға есептік шоттардың дер кезінде, дұрыс ресімделуін және уақтылы алынуын;

∙     оқу кабинеттері, шеберханалар, тұрмыстық, шаруашылық және басқа оқу-жайлар үшін тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай, кеңсе заттарының, жұмсалатын материалдардың, жуу құралдарының, жабдықтар мен инвентарлардың дер кезінде алынуын;

∙     территориясында ауыр нәрселер тасымалдау, түсіру-тиеу жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын;

∙     негізгі ғимараты мен өзге де орын-жайларын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын; олардың мезгілімен тексеріліп, бақыланылуын;

∙     жаңа оқу жылына дер кезінде дайын болуын;

∙     шығын сметасында қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен әкімшілігін кеңсе тауарларымен, күнделікті қолданылатын шаруашылық заттарымен;

∙     материалдық құндылықтарының, мүліктерінің, жиһаздары мен инвентарларының ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікпен сақталуын;

∙     өрт қауіпсіздігі инвентарларының есебі алынуын және сақталуын, жұмсақ және қатқыл инвентарлардың құрғатылуын, жуылуын және жөнделуін;

Құжаттар тізімі:

     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

            1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      6) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

 

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай:Абай облысы,  Семей қаласы,  Глинки 20

Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекенжай : student070707@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2026