|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан композиторлар одағының Төрағасы, композитор
______________С.К. Абдинуров «__»____________2026 ж.
|
«КЕЛІСІЛДІ» «Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын»орталығы» КМҚК басшысы ______________Р.Р.Тлеуханов «__»____________2026 ж.
|
«БЕКІТЕМІН» Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі»КМҚК директоры ______________К.Б.Ргелова «__»____________2026 ж.
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
ТЕМІРЖАН БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ VI – шы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ
Байқау офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Осы Ереже ТЕМІРЖАН БАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ VI -ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын анықтайды. (бұдан әрі – Байқау).
- Музыка көлеміндегі дарынды балаларды анықтау;
- Теміржан Базарбаевтың музыкалық мұрасын насихаттап, жариялау;
- Отандық композиторлар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын ұйымдастырып, репертуарын авторлық озық туындыларымен толықтыру;
- Балалардың бойында музыкалық эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың орындау шеберлігін арттыру;
- Шығармашылығы дамыған, қабілетті және кәсіби болашағы бар балаларды іріктеу;
- Балалар арасында патриоттық тәрбиені және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына қызығушылықты қалыптастыру.
2.Семей қаласы, Байтурсынов көшесі 67 а (Балалар өнер мектебі), 2026 жылдың 18-19 наурызында .
Балалар музыка, өнер мектептері, орта білім беретін мектеп оқушылары, вокалдық, хореографиялық студияларының оқушылары байқауға қатыса алады.
Бірінші кіші топ: 6-8 жасқа дейін қоса алғанда;
Екінші кіші топ: 9-10 жасқа дейін қоса алғанда;
Орта топ: 11-13 жасқа дейін қоса алғанда;
Ересек тобы:14-17 жасқа дейін, қоса алғанда 1, 2 курс өнер училищесінің студенттері.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
-халықтық орындау (дәстүрлі ән, терме)
- аспапта орындау(домбыра, шертер, жетіген, қобыз, бас қобыз, қылқобыз, баян, аккордеон, скрипка, виолончель, флейта, фортепиано, гитара, орыс халық аспаптары)
- ұжымдық орындаушылық (дуэт, трио,квартет, ансамбль, қазақ халық аспаптар және орыс халық аспаптар оркестрі)
-музыкалық әдебиет(онлайн форматта)
- хореография
«Халықтық орындау» (дәстүрлі ән, терме)
Номинациясы бойынша қатысушы еркін тақырыпта музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде жеке ән, жыр, терме орындайды. Нөмірге берілетін уақыт 4 минуттан аспауы қажет.
«Аспапта орындау»
Номинациясы бойынша сазгерлер мен авторлар шығармалары, халықтық, немесе әр түрлі жанрда бір шығарма орындайды. Қатысушымен бірге жетекшінің сүйемелдеуінде орындау қабылданбайды. Нөмірге 4 минут беріледі.
Дуэт, трио, квартет, ансамбль, оркестр бір шығарма халықтық, классикалық жанрда немесе еркін тақырыптарда орындайды.
«Музыкалық әдебиет»
XX-XXI ғасырдағы Қазақстан, шетел, орыс композиторларының өмірбаянына қысқаша мәлімет. Бір шығармасына музыкалық талдау – слайд, видеопрезентация оқушының қатысуымен көрсетілуі тиіс. Ұзақтығы 3-4 минут. (онлайн форматта).
(Видео YouTube арнасына жүктеліп, сілтемесі өтінішке тіркелсін)
«Хореография» (би) жеке немесе топ
Халық биі, классикалық билер, заманауи би т.б. Қатысушылар еркін тақырыпта 1-бимен қатысады. Бидің жалпы ұзақтығы 4 минуттан аспау.
«Өнерлі ұстаз» Аспаптық орындау: Халықтық немесе авторлық шығармалар қатысушының таңдауы бойынша әр түрлі жанрда бір шығарма орындайды.Нөмірге 4 минут беріледі (онлайн форматта өткізіледі).
(Видео YouTube арнасына жүктеліп, сілтемесі өтінішке тіркелсін)
Онлайн форматтағы байқаудың қорытындысы 20 наурыздан кейін жарияланады.
Байқау «Ұстаз» платформасына енгізілген, аттестацияға жарамды!
Байқаудың өткізілу күндері: 18-19 наурыз 2026 ж.
18.03.2026ж.
08.30 - Қатысушыларды тіркеу.
09.00- Байқаудың салтанатты ашылуы
09.20- «Халықтық орындау» : дәстүрлі ән, терме
Ә.Тәңірбергенов көшесі 3 «А» «Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония»
11.00- «Аспапта орындаушылық»: домбыра, шертер
Ә.Тәңірбергенов көшесі 3 «А» «Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония»
18.00-Марапаттау
Ә.Тәңірбергенов көшесі 3 «А» «Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония»
09.20 - «Аспапта орындаушылық»: қобыз, бас қобыз, қыл қобыз, жетіген , орыс халық аспаптары: баян, балалайка,гитара
А.Байтурсынов көшесі 67 а «Балалар өнер мектебі» КМҚК
18.00-Марапаттау
19.03.2026ж.
09.00- «Аспапта орындаушылық»: фортепиано,скрипка, виолончель
А. Байтурсынов көшесі 67 а КМҚК«Балалар өнер мектебі»
18.00-Марапаттау. Байқаудың салтанатты жабылуы.
09.00 - «Аспаптық ұжымдық орындаушылық» (трио, квартет, ансамбль, оркестр) домбыра, қобыз бөлімдері бойынша.
Ә.Тәңірбергенов көшесі 3 «А» «Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония»
11.00-«Хореография»: халықтық, заманауи, классикалық би түрлері
Ә.Тәңірбергенов көшесі 3 «А» «Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония»
18.00-Марапаттау. Байқаудың салтанатты жабылуы.
Ұйымдастыру жарнасы:
Жеке орындаушылар – 13 000 теңге;
Дуэт, трио, квартет – 14000 теңге;
Ансамбль,оркестр, хореография – әр қатысушыға 4000 теңгеден.
Банк реквизиттері, себебін көрсете отырып «Байқауға қатысу»:
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК
Мекен-жайы: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 67а
БИН 990 440 001 363
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ08 9650 5F00 0756 7590
Банк: АО "Forte Bank"
Байланыс нөмірі: 8/7222/32-59-24 (қабылдау бөлмесі), 32-59-12 (бух)
Немесе:
Kaspi.KZ қосымшасы арқылы: платежи- доп.образование- «Детская школа искусств» г.Семей, ул.Байтурсынова 67а- қатысушының аты-жөні- төлеушінің аты-жөні –төлеушінің ИИН-і – Педагогтың аты-жөні – «КОНКУРС» деп жазу – төлем ақысы.Осы ереже бойынша төлейсіздер!!!
Жауапты маман байланыс нөмірі:, 8-747-716-90-28, 8-702-526- 55- 94
Байқауға қатысушылар грамоталармен марапатталады:
- БАС ЖҮЛДЕ – бағалы сыйлықтар
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Лауреат»- алғыс хат, кубоктар, медаль беріледі. Байқаудың барлық қатысушылары және жетекшілері байқауға белсенді қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталады. Байқауға 10 оқушыдан артық қатыстырған оқытушыларға 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі (жеке номер, солистерге).
Өтініш
|
1 |
Тегі, аты (туған күні, айы, жылы, сыныбы) |
|
|
2 |
Жас ерекшеліктері |
|
|
3 |
Номинациясы |
|
|
4 |
Мекеменің атауы (толық), мекен-жайы, телефон (қала, аудан кодымен), е-mail (міндетті түрде) |
|
|
5 |
Байқау бағдарламасы: (автор,бағдарлама, ұзақтығы) |
|
|
5 |
Жетекшінің толық аты-жөні, телефоны |
|
|
6 |
Сүйемелдеушінің аты жөні |
|
ТӨЛЕНГЕН ЧЕК ӨТІНІШКЕ ҚОСА ТІРКЕЛСІН!!!