Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдық қызметке
конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» педагог-психолог 1 бірлік жүктеме уақытша бос орынға, қазақ тілінде.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Ағайынды Мусиндер көшесі, 19
Байланыс телефоны: 8 (7222) 522269
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің» ММ, «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады. 27.02.2026ж.-11.03.2026ж. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz, nobd.edu.kz сайттарына, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-сарапшыдан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.