Совещание с участием руководителей городских организаций образования ГУ «Отдел образования города Семей» управления образования Абайской области от 19 февраля 2026 года

                                         КЕҢЕСТІҢ ШЕШІМІ  № ____

Ақпан  2026 жыл

 

Семей қаласы  білім бөлімінің 2025 жылғы атқарған  қызметінің есебін  сараптай келе, 

                                                         

                                                              КЕҢЕС ШЕШТІ:

 

  1. Семей қаласы  білім бөлімінің 2025 жылғы атқарған қызметі  қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. Білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру процесін тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
  3. Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру саласында балаларға сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге ықпал етудің тиімді тетіктерінің  жүйесін ары қарай жетілдіру.
  4. Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын ескере отырып, мұғалімдер мен тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін арттыруға, олардың шығармашылық және жаңашылдық танытуына жағдай жасау.
  5. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтіп, жалғастыру.
  6. Білім беру жүйесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін бақылауға алып, жұмысты күшейту. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру.
  7. Семей қаласы білім бөлімінң 2025 атқарған қызметінің есебі бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына  жауапты тұлғалар бекітілсін.

 

 

Кеңес төрағасы:                                                              Д. Асқарова

Кеңес хатшысы:                                                             М. Жаманова

 

Дата публикации
20 февраля 2026