Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ кәсіби бағдар беруші қызметінің орынға конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы:Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ кәсіби бағдар беруші қызметіне.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:индекс 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 20
Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97
Электрондықмекен-жайы :student070707@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ.
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында, hr-nobd.edu.kz сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 16.02-24.02.2026 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
1) "педагог":
сәйкес келуі тиіс жалпы талаптарға қойылатын педагог-профориентатору, сондай-ақ:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау әдістемелерін әзірлеуді және байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша оқушылардың қызығушылықтарына зерттеу жүргізеді;
өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
2) "педагог – модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқушыларға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандық таңдауға көмек көрсетеді, әр оқушының жеке бағытын жасауды үйлестіреді;
ұйымдастырушы-педагогтермен-сынып жетекшілерімен, педагог-психологтармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп Оқушылардың психофизиологиялық дамуына, жеке қызығушылықтары мен уәждемелеріне талдау жүргізеді;
оқушылардың жеке ерекшеліктері мен оқу жетістіктерін диагностикалау негізінде оқушылармен, олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен консультациялық жұмыс жүргізеді;
кәсіптік бағдар беру мәселелерінде әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3) "педагог – сарапшы":
біліктілікке сәйкес келуі тиіс: "педагог-модератор", сондай-ақ:
оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау және мансапты жоспарлау мәселелерінде бағдарламаларды, ережелерді, жоспарларды, меморандумдарды, әлеуметтік практикаларды, жобаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
жеке сандық білім беру ресурстарын жасайды;
өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
кәсіби кеңес беру мен кәсіптік бағдарлау жұмысының заманауи отандық, шетелдік тәжірибесін жинақтайды, жүйелейді және практикаға енгізеді;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:
азаматтық сана-сезімі мен патриотизмі бар оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттері мен академиялық адалдығын дамытуға ықпал етеді;
оқушылардың жеке қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістерін қолданады, оқушылармен жұмыста нәтижелілікті қамтамасыз етеді;
оқушының қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мұғаліммен бірге негізгі және жоғары мектептерде оқу үшін бейінді пәндерді таңдауға жәрдемдеседі;
бойынша іс-шаралар, семинарлар, мастер-кластар өткізеді.
кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беру жұмысы;
5) "шебер-педагог":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай:Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 20
Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97
Электрондық мекенжай : student070707@mail.ru
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
|
|
___________________________ |
Мені ________________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
__________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде_________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
Жүктеу |
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
|
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
Жүктеу |
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
|
Нысан |
|
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіптік - 1 балл |
|
2. |
Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат |
PhD докторы - 15 балл |
|
3. |
Біліктілік санаты |
Куәлік, басқа құжат |
Педагог- 2 балл |
|
4. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат |
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл |
|
5. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат |
Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан) |
Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл |
|
6.* |
Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары; |
1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - 0,5 балл |
|
7. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс) |
Тәлімгер - 0,5 балл; |
|
8**. |
Курсқа дайындық |
- пәндік даярлық сертификаттары; |
біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
|
Барлығы: |
Жүктеу |
||
* 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;
республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл.
** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
|
№ |
Өлшем шарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіптік - 1 балл |
|
2. |
Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат |
PhD докторы - 15 балл |
|
3. |
Сертификаттаудан өту нәтижелері |
Сертификат |
50 % - 2 балл |
|
4. |
Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері |
Білімі туралы дипломға қосымша |
"3" – 2 балл |
|
5. |
Оқу орнынан ұсыным хат |
Ұсыным хат |
Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл |
|
6. |
Волонтерлік жұмысқа қатысу |
Қатысу құжаты |
1 балл |
|
7. |
Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар) |
Сілтемелер |
1 жылға дейін -1 балл |
|
8. |
Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу |
Қатысу құжаты |
2 балл |
|
9. |
Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.) |
Қатысу құжаты |
Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды |
|
10. |
ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, "Python бағдарламаның негіздері", "Microsoft-та жұмыс істеуге үйрету" бағдарламалары бойынша оқыту |
Сертификат |
1 балл (әрқайсына бөлек) |
|
Барлығы: |
|||