«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімі «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазым атауы: «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімі «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: ҚР Абай облысы Семей қ., Кашаганова 26.
Телефон: 8/7222/ 32-07-17.
Электрондық мекен-жайы : semsk_sosh_17@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімі «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы Семей қаласы білім бөлімі»ММ, «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:
- мектептің техникалық және қызмет көрсету персоналдары қатарынан өзіне қарасты жұмыскерлерге орындалуы міндетті өкімдер мен нұсқамалар беруге;
- Мүліктердің бүтіндігін, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылау үшін мектептің кез келген орын-жайына, білім беру процесінің қалыпты ағымын бұзбастан, кедергісіз кіруге;
- Мектеп директорына мектеп қызметкерлерін мекткеп мүлкін бүлдіргені және еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс тапсыруға.
- Техникалық және қызмет көрсету персоналы еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныс ендіруге, жұмыскерлердің бұл категориясын наградаларға және ынталандыру сыйлықтарына ұсынуға.
- Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары оқу орны мүліктері мен шаруашылық инвентарларының сақталуына, олардың дер кезінде қайта жаңартылып, толықтырылып отыруына, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заң жүзінде белгіленген ережелердің орындалуына жауап береді.
- Мекеме жарғысы мен Мектептің ішкі еңбек тәртібі ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта қарастырылған лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны, соның ішінде өзіне берілген құқықты пайдаланбағаны үшін метеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
- Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде қызметінен босатылуы мүмкін.
- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау, санитария-гигиена ережелерін бұзғаны үшін мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамаларында қарастырылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
- Өз лауазымдық міндеттерін атқару (атқармау) кезінде мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға келтірген зияны үшін мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген тәртіп пен көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
- 40 сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалып, мектеп директоры бекіткен график бойынша нормаланбаған жұмыс күні режимінде еңбек етеді.
- өз жұмысын әр оқу жылына және әр оқу тоқсанына арнап дербес жоспарлайды. Жұмыс жоспары мектеп директоры тарапынан жоспарлы кезеңнің басталуына кем дегенде бес күн қалғанға дейін бекітіледі.
- оқу тоқсаны аяқталған соң 10 күн ішінде директорға өз қызметі туралы бес беттен аспайтын көлемде жазбаша есеп тапсырады.
- мектеп директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.
- мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша бұйрықтарына виза қояды.
- өз құзырына енетін мәселелер бойынша мектеп қызметкерлерімен, оқу-тәрбие процесін материалдық-техникалық және коммуналдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық станциямен, өрт қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету, апат қызметі орындарымен жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.
Білуге тиіс:
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім мен құжаттарды қабылдау Абай облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында, әлеуметтік желіде және «Enbek.kz , электоронды және қағаз форматта конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде, 2026 жылдың 23 қаңтар мен 06 ақпан аралығында жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай: Абай облысы, Семей қаласы, Кашаганова 26
Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-07-17
Электрондық мекенжай : semsk_sosh_17@mail.ru