Решение совета ГУ «Отдел образования города Семей " управления образования Абайской области от 23 декабря 2025 года с участием руководителей городских организаций образования. Руководителям организаций образования

Абай облысы білім басқармасының

«Семей қаласының білім бөлімі» ММ

2025 жылғы 23 желтоқсандағы қалалық білім бері ұйымдарының басшыларының қатысуымен өткен

Кеңес шешімі:

Білім беру ұйымдарының басшыларына:

 

Бірінші сұрақ бойынша:

 

№№ 13, №16, №27, №32  жалпы орта білім беретін мектептерінде мемлекеттік қызметтің көрсетілуі қанағаттанарлық деп танылсын.

№№ 13, №16, №27, №32  жалпы орта білім беретін мектептердің  басшыларына:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бұзушылықтың алдын алуда қызметтердің мемлекеттік қызмет стандарты бойынша көрсетілуі қамтамасыз етілсін.
  2. Мемлекеттік стандартта көрсетілген құжаттарды жинауда артық құжаттардаң болмауы  қатаң бақылауға алынсын.
  3. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер 10 күн мерзімінде (желтоқсан 2025ж.) жойылсын.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды ауыстыру бұйрықтары уақытында шығарылсын.

 

«№16,№ 27 жалпы орта білім беретін» КММ  басшыларына:

  1. 1-ші сыныпқа қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша келіп түскен өтінімдердің мерзімінде орындалуы бақылауға алынсын.

 

«№ 32 жалпы орта білім беретін» КММ мектеп басшысына:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалуы үшін жауапты қызметкерлерді тағайындауға жауапкершілік күшейтілсін.

 

Жалпы білім беретін мектептердің басшыларына:
1. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы орындалуы  қатаң бақылауға алынсын.
2. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді  жүзеге асыру мерзімдері қатаң сақталсын.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және мерзімінде  орындалуы мектепішілік бақылауға алынсын.

Үнемі

 

Екінші сұрақ бойынша:

 

  1. №13, №16, №32 жалпы орта білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беру қызметінің сапасы қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. №15, №19, №32 ЖОББМ басшыларына ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (жеке оқу жоспарлары, түзету-дамыту жұмыстары, ППҚҚ отырыстары) жұмыстарының орындалуы нормативтік құжаттарға (№ 92,  №4 бұйрықтарға) сай жүргізілуі  бақылауға алынсын.
  3. Инклюзивті білім беруде педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан мерзімінде және толық өтуі қадағалансын.
  4. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жеке дамыту бағдарламасы мен бейімделген оқу бағдарламалармен оқыту бақылауға алынсын.
  5. Педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыруда ПМПК анықтамаларына сәйкес арнайы педагог мамандармен   қамту жұмыстары жүргізілсін. 
  6. Педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы анықталған кемшіліктерді түзету жұмыстарының іс-шарасын жасалып, орындалуын бақылауға алынсын.
  7. Зерделеу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына жауапты тұлғалар бекітілсін.

8.Тексеру барысында анықталған кемшіліктер 10 күн мерзімінде (желтолқсан 2025ж.) жойылсын.

Үнемі

 

Кеңес төрағасы                                                    Д. Асқарова

 

Кеңес хатшысы                                                    М. Жаманова

 

Дата публикации
23 декабря 2025