2–5 желтоқсан аралығында Семей қаласы мектептерінде «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ жастар мен ересектердің бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық, жауапкершілік сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Акция барысында оқушылар, ата-аналар және педагогтар бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік, киім-кешек, кеңсе тауарлары және күнделікті қажет заттар түрінде қолдау көрсетті. Ізгілікке бағытталған бұл іс-шара оқушылардың бойында өзара көмектесу мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы қайырымдылық дәстүрін нығайтуға ықпал етті. «Мейірімді жүрек» акциясы қатысушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, бірлік пен бауырмалдықтың, мейірімділік пен жанашырлықтың өзекті екенін терең ұғындыруды мақсат етті. Акция қорытындысы бойынша жиналған көмек өз иелеріне табысталып, көптеген отбасыға қуаныш сыйлады.

Дата публикации
05 декабря 2025