КГУ "Многопрофильная гимназия № 5 имени Шакарима" объявляется конкурс на занятие временно вакантной должности секретаря

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос (декреттік демалыс орнына) тұрған хатшы орнына конкурс жариялайды.

 

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – хатшы.  

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071410, Абай облысы Семей қаласы Байтұрсынов көшесі, 38А ғимараты.

Байланыс телефоны: 8 (7222)32 84 54

Электрондық мекен-жайы: shakarim_shkola_semey@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 28.11.2025 – 05.12.2025 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00- ден 14.00-ге дейін.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

  

  1. Директоры мен оның орынбасарлары үшін қызметкерлерден мәліметтер алады, директордың тапсырмасы бойынша қызметкерлер мен оқушыларды шақырады.
  2. Директорының телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастырады;

Телефонограммалар қабылдайды және жөнелтеді,  директоры орнында жоқ кезде хабарламаларды жазып алады және бұл туралы директорды хабардар етеді.

  1. Қызметкерлерінің жалпы жиналыстарын, педагогикалық кеңестің, қайырымдылық кеңесінің отырыстарын, сондай-ақ директоры өткізетін мәжілістерді дайындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларға кеңестердің өтетін уақыттарын, орындарын, күн тәртібін хабарлау және оларды тіркеу) жұмыстарын жүзеге асырады, директордың тапсырмасы бойынша мәжілістер мен кеңестердің хаттамаларын жүргізеді және ресімдейді.
  2. Директорының кеңсе заттарымен, ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, директор жұмысының тиімді атқарылуына жағдай жасайды.
  3. Сөйлесу құрылғылары арқылы ақпараттар береді және қабылдайды.

Директорының нұсқауы бойынша әртүрлі құжаттар мен материалдар басып дайындайды.

  1. Іс қағаздарын жүргізеді; бекітілген номенклатураға сәйкес істерді жасақтайды, олардың сақталуын және белгіленген уақытта мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.
  2. Директоры атына келіп түскен корреспонденцияларды қабылдайды, оларды тиісті орындарына қарай жүйелейді және директор қарап шыққан соң, оларды жұмыс процесінде қолдану үшін немесе жауап жазу үшін нақты орындаушыларға береді, директор тапсырмаларының бақылауға алынған орындалу мерзімін қадағалайды; корреспонденцияларды жөнелтеді.
  3. Қызметкерлердің, оқушылар мен ата-аналардың (оларды алмастыратын тұлғалардың) жеке өтініштерін, директорына қол қоюға берілетін құжаттарды қабылдайды.
  4. Келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлер өтініштері мен ұсыныстарының оперативті қаралуына көмектеседі.
  5. Кіріс және шығыс құжаттарын есепке алады, орындалуын қадағалайды.
  6. Корреспонденцияны қабылдайды және тіркейді, оны жібереді.
  7. Басшыларының бұрыштамаларына сәйкес құжаттарды орындауға тапсырады, тіркеу карточкасын ресімдейді немесе деректер қорын жасайды;
  8. Құжаттық материалдардың өтуін есепке алу картотекасын жүргізеді, олардың орындалуына бақылау жасайды, тіркелген құжаттар бойынша тиісінше анықтамалар береді
  9. Орындалған құжаттамаларды адресаттарға жолдайды;
  10. Алынған және жіберілген корреспонденциялар есебін жүргізеді, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелейді және сақтайды;

 

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

            Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекен-жайы: Абай облысы Семей қаласы Байтұрсынов көшесі, 38А ғимараты.

Байланыс телефоны: 8 (7222)32 84 54

Электрондық мекен-жайы: shakarim_shkola_semey@mail.ru

 

 

 

 

Дата публикации
28 ноября 2025