«№28 жалпы орта білім беретін мектебі» мектептің күзетшісінің орнына (1 ставка) конкурс жариялайды.

«№28 жалпы орта білім беретін мектебі» мектептің күзетшілік орнына  (1 ставка) (екі тілде) бос орнына конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№28  жалпы орта білім беретін мектебі» мектептің күзетшілік орнына  (1 ставка) конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:индекс 071402, Абай облысы, Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі 57

Байланыс телефоны: 8 (7222) 52-17-36

Электрондық мекен-жайы:  sr_sh_28@mail.kz

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 25.11.2025ж. - 04.12.205ж. жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есптеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Мектеп күзетшісіне қойылатын талаптар:

  1. Жеке басының тәртіпті, адал және жауапты болуы
  2. Кәсіби біліктілік (қажет болған жағдайда арнайы оқудан өткен болуы)
  3. Мекеме ішіндегі қауіпсіздік талаптарын білу
  4. Шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет ете білу
  5. Камера, сигнализация, өрт дабылы сияқты қауіпсіздік құралдарын пайдалана білу
  6. Сырт келбеті жинақы, сыпайы мінезді болуы
  7. Құжатпен жұмыс істей алу қабілеті (кіріп-шыққан адамдарды тіркеу және т.б.)

 

Күзетшінің негізгі міндеттері:

  1. Мектеп аумағы мен ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  2. Бөгде адамдардың кіріп-шығуын қадағалау
  3. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, тәртіп бұзушылықты болдырмау
  4. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және бақылау
  5. Түнгі кезекшілікте ғимаратты үнемі тексеріп отыру
  6. Кіреберіс журналын жүргізу, келушілерді тіркеу
  7. Камера, жарық, дабыл жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау
  8. Төтенше жағдайлар болған кезде мектеп әкімшілігі мен тиісті органдарға жедел хабар беру

 

---

Дата публикации
25 ноября 2025