Педагогикалық кеңестің қызметін сапалы
ұйымдастырылуын зерделеудің
анықтамасы
Мақсаты: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы
№272 бұйрық талаптарының орындалуын зерделеу
Міндеті: ЖОББ КММ педагогикалық кеңестің қызметін сапалы
ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Мерзімі: 02.10.-24.10.2025ж.
Зерделеген: 1-мобильді топ
Абай облысы білім басқармасының 2025 жылдың 23.09. күнгі №2870 хаты негізінде ағымдағы жылдың 02.10.-24.10. аралығында Семей қалалық білім бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрық талаптарының орындалуын зерделеу туралы іс-шаралар жоспарын жасап, бұйрық шығарды. Жоспарланған іс-шара бойынша ағымдағы жылдың 06.10.-13.10. аралығында қала мектептеріне арнайы бөлінген график бойынша 100% әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік көмек көрсету кезінде педкеңес қызметін сапалы ұйымдастыру үшін 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрық талаптарының орындалуы басшылыққа алынды:
педкеңестің құрамы туралы бұйрық;
оқу жылына педкеңес хатшысының бұйрық бойынша тағайындалуы;
педкеңестің жылдық жоспары, тақырыптары, қаралатын мәселелер;
кезекті отырыста өткен педкеңес шешімінің орындалуы туралы;
хаттамалар, педкеңес хаттамасының нөмірленген, шнурланған және
мектеп мөрі мен директордың қолының болуы қадағаланып, ескертулер айтылып, ішінара кездескен олқылықтарды жоюға кеңес берілді.
2025 жылдың 15.10.-22.10. аралығында зерделеу жұмыстары бұйрыққа сәйкес ескертулері болған мектептерге барып, құжаттарын қарау арқылы жүзеге асты. 1-мобильді топ №№1,10,11,12,15,17,21,26, 36,39,41,42, 44, 47,50,51 және Ж.Аймауытов атындағы мектептерді зерделеді. Мектептерді жеке сараптай келе, мектеп аттестациясынан 2024-205 оқу жылында өткен және биылғы оқу жылында өтіп жатқан мектептерді, сонымен бірге құжаттары талапқа сай, әдістемелік көмек кезінде ескертулері болмаған мектептер зерделеуден босатылды. Ол мектептер: №№1,10,11,12,15,17,21, 36,39,42, 47,50,51. Сонымен бірге, № 26,41, 44 және Ж.Аймауытов атындағы мектептеге барып зерделенді. Алдында айтылған ескертулерден қорытынды шығарылып, педагогикалық кеңес құжаттары ретке келтірілген. Барлық құжаттар талапқа сай жүргізіліп отыр.
Ұсыныс: ЖОББ КММ әкімшілігі мектеп құжаттарын нормативтік- құқықтық актілерге сәйкес жүргізілуін, сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Қорытынды: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрық талаптарының орындалуында ішінара кездескен олқылықтар жойылып, қазіргі кезде талапқа сай жұмыс атқарып отыр.