20–21 қазан күндері АӘД орталығында әскерге шақырушыларға дейінгі жастар арасында әскери – қолданбалы спорт түрінен қалалық ашық чемпионат өтті. Әр команда 5 қатысушыдан тұрды — 3 ұл және 2 қыз. Жарыс үш бағыт бойынша өткізілді: • тартылу (ұлдар үшін), • пресске жаттығу (қыздар үшін), • пневматикалық мылтықтан ату. Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімді дамыту, дене және әскери дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ командалық рухты нығайту. Қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетіп, белсенділік пен тәртіптілігін танытты. Чемпионат достық және ұйымшылдық рухында өтті.

Дата публикации
21 октября 2025