«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика мұғалімі (тұрақты, екі тілде 16 сағат жүктемеге тұрақты бос орынға, қазақтілінде) бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды.

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің 

«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдық қызметке

конкурс жариялайды.

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика  мұғалімі тұрақты, екі тілде 16 сағат жүктемеге тұрақты бос орынға, қазақтілінде.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:Абай облысы, Семей қаласы, Ағайынды Мусиндер көшесі, 19

Байланыс  телефоны: 8 (7222) 522269

Конкурсқа қатысуға өтінім  беру мерзімі және қабылдау орны:

«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің» ММ,  «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады. 03.10.2025ж.-14.10.2025ж. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz, nobd.edu.kz сайттарына, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

     10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Дата публикации
03 октября 2025