Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№52 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бас есепші бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 52жалпы орта білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесініңбас есепшісі.
Кәсіпорынның атауы:Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білімбөлімінің №52жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мекен-жайы, орналасқан жері:071400, Абай облысы Семей қаласы Семпилатинская көшесі 33ғимараты.
Байланыс телефоны:8 7075013086
Электрондық мекен-жайы:mektep_52_v@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№52жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 23.09.2025 - 01.10.2025 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00- ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар, белгіленетін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті лауазымға:
Жоспарлайды және ұйымдастырады:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттар тізімі:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
7)«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
9) психиатриялық және наркологиялықдиспансерденанықтама;
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда үміткердің конкурсқа қатысуға құжаттары қабылданбайды.
Толық ақпарат алу үшін:
Мекен жайы: Семей қаласы, Водный кенті Семипалатинская 33көшесі.
Байланыс телефоны: 8 7075013086
Электрондық мекенжайы:mektep_52_v@mail.ru