Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсына жіберу туралы
Абай облысы білім басқармасының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №2722 хаты
негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрлеу» БАҰО АҚ келісімшарт негізінде «Ustaz.pro» ЖШС бірлесіп
өткізетіп 2025 жылғы қыркүйектің 15-нен бастап 2025 жылғы қыркүйектің 26-ын
қоса алғанда жұмыс орнын, еңбек ақысын сақтай отырып, еңбек қызметінен қол үзу
арқылы информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Информатика» оқу пәні
бойынша жобалық іс-әрекет» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру
курстарына қатысу үшін Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім
беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нуралдинов
Айдын Тлектесович, Семей қаласы білім бөлімінің «Ж.Аймауытов атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Максутканулы Серикжан жіберіледі.
2. 2025 жылғы қыркүйектің 15-нен бастап 2025 жылғы қыркүйектің 26-ын қоса
алғанда Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін атқару директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагатова Асем Кадирбековнаға, Семей қаласы білім
бөлімінің «Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін атқару директордың оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Слямбекова Акмарал Далелгазиевнаға жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Г. Нургалиеваға жүктелсін.