КГУ "СОШ №31" объявляет конкурс на занятие вакантной должности заместителя директора по инклюзивной работе

Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы  білім бөлімінің

 «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

  директордың инклюзивті білім беру жөніндегі орынбасары (екі  тілде) тұрақты бос орынға  

 конкурс жариялайды

 

 

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   директордың инклюзивті білім беру жөніндегі орынбасары (екі  тілде) тұрақты бос орынға  0,5 жүктеме.

Орналасқан жері: Абай облысы Семей қаласы Ағайынды  Мусиндер көшесі, 19.

Байланыс номері: 8(7222) 52-22-69

 

Жұмысқа қабылдануға құжаттар мектепте қабылданады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде  20.08.2025 ж. – 28.08.2025 ж. аралығында жүзеге асырылады. 

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Жоғары бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагог-модератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Директордың инклюзивті білім беру жөніндегі орынбасары лауазымдық міндеттері:

  1. Инклюзивті білім беру процесін ұйымдастырады және бақылайды:
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын қалыптастырады;
  • Инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша мектептің даму стратегиясын әзірлеуге қатысады.
  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді:
  • Мектеп психологы, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагогтың қызметін жүйелі түрде ұйымдастырады және бақылайды;
  • Арнайы мамандармен бірлесе отырып, ЕБҚ оқушыларға арналған жеке даму бағдарламаларын (ИОП/ИПР) әзірлеуге және жүзеге асыруға басшылық етеді;
  • Арнайы қолдауды қажет ететін оқушыларға кешенді қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіреді.
  1. Үйде оқытылатын оқушылармен жұмысты ұйымдастырады:
  • Үйде оқытылатын балалардың оқу жоспарының, күнтізбелік-тақырыптық жоспардың және жеке бағдарламалардың орындалуын бақылайды;
  • Мұғалімдердің үйде оқытылатын оқушылармен уақытылы және сапалы жұмыс жүргізуін қамтамасыз етеді;
  • Ата-аналармен және медицина қызметкерлерімен өзара әрекеттесу арқылы оқушының жағдайын ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастырады.
  1. Мұғалімдер мен қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді:
  • Инклюзивті білім беру саласындағы заманауи тәсілдер бойынша семинарлар, тренингтер, әдістемелік кеңестер өткізеді;
  • Пән мұғалімдеріне ЕБҚ балалармен жұмыс істеу бойынша кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді.
  1. Ата-аналармен және оқушының заңды өкілдерімен жұмыс жүргізеді:
  • Ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен кері байланысты жолға қояды;
  • Оқушының дамуын бірлесіп қолдау үшін ата-аналарға кеңес береді.
  1. Материалдық-техникалық және физикалық қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысады:
  • Арнайы оқу құралдары мен ресурстармен жабдықталуын қадағалайды;
  • Мектеп ғимаратының физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға қатысады.
  1. Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істейді және құжаттаманы жүргізеді:
  • Инклюзивті білім беру бағытында жоспарлар, есептер, мониторинг, талдау құжаттарын әзірлейді;
  • ПМПК қорытындысы негізінде білім беру процесін ұйымдастыруға қатысады.
  1. Жергілікті және мемлекеттік ұйымдармен өзара әрекеттеседі:
  • ПМПК, емханалар, арнайы білім беру ұйымдары және басқа да серіктес құрылымдармен байланыс орнатады.

 

 

Дата публикации
21 августа 2025