"№49 ЖОББМ" Қазақ тілінде оқитын білім алушыны сүйемелдеу үшін педагог-ассистент (16 сағ) қызметіне конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы  білім бөлімінің

 «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

Қазақ тілінде оқитын білім алушыны сүйемелдеу үшін педагог-ассистент (16 сағ)

қызметіне конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінде оқитын білім алушыны сүйемелдеу үшін педагог-ассистент (16 сағ)

 

Орналасқан жері: Абай облысы Семей қаласы Ұшақтар  шағын ауданы 1 үй.

Байланыс номері: 8(7222) 42-67-68

Электрондық пошталық мекен-жай: school4918@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде  19.08. 2025ж. – 26.08.2025ж. аралығында жүзеге асырылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл, компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі: аптасына 16 сағат, ал 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап - педагогтердің тарифтемесіне сәйкес.

Жалақы: жоғары педагогикалық білім – 150 мың 00 теңгеден бастап.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: 1-бөлімнің 3-тарауының 11-параграфының талаптары негізінде. ҚР БҒМ "педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 13.07.2009 ж. № 338 бұйрығы Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: 20.08.2024 ж.бастап 28.08.2024 ж. дейін Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің "№49 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қабылдау бөлмесінде 110 кабинет.

Құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

 

  • 1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15 * қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
  • 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (заре

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 

7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

8) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16* қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 9) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру). * Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 және Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және әлеуметтік даму Министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығына 15, 16-қосымшаларға өзгерістер енгізілді

 

 

 

 

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы Семей қаласы Ұшақтар 1

Байланыс нөмірі: 87222426768

Электрондық мекен-жайы: school4918@mail.ru

Дата публикации
19 августа 2025