КГУ "Гимназия №37 имени Ы.Алтынсарина" объявляет конкурс на вакантное место заместителя директора по учебной части (начальные классы)

         Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары (бастауыш) бос лауазымдық  қызметіне  конкурс  жариялайды.

          Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары (бастауыш) бос лауазымдық 1,0 жүктеме.

          Орналасқан жері:  индекс 071400  Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы 70,  Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекенжайы: semey_37@mail.ru;

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы  № 37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

 

         Ақы төлеу : - 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 150000-200000 теңге

Лауазымдық міндеттері: 

  • Гимназия Жарғысына сәйкес бастауыш сыныптарда оқу  жұмысын ұйымдастыру, бақылау және басшылық жасау.
  • Бастауыш сыныптарда жүргізілетін барлық пәндердің өтілуіне, бағдарламаның орындалуына бақылау және басшылық жасау, әдістемелік көмек көрсету.
  • Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жұмысын ұйымдастыру
  • 1-4 сыныптардың оқу жоспарын жасау.
  • І, ІІ ауысымдағы бастауыш сыныптардың сабақ кестесін жасау, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуін бақылау,  мұғалімдерді алмастыру журналын уақытылы талапқа сай жүргізу, бақылау
  • Жалпыға бірдей Білім заңының орындалу бағытындағы жұмыстарды жүргізу.
  • Бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінің жұмысына басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету
  • 1-4-сынып журналдарының талапқа сай жүргізілуін қадағалау, тоқсанына 1-2 рет тексеру
  • Жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуы: микроауданда тұратын 0-17 жас аралығындағы балалардың есебін жүргізу, есеп беру.
  • Ақылы қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдердің еңбек табелін жүргізу

 

  • 1-4 сыныптардағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және басшылық жасау
  • Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту процесін ұйымдастыру.

ІІ қабаттың санитарлық-гигиеналық жағдайы, безендірілуі, гүлдендірілуі, сынып кабинеттерінің қалыпты жағдайда болуын және қабаттағы тәртіптің сақталуын қадағалау, басшылықта ұстау

 Әрбір аптаның жұма күндері гимназия бойынша кезекші әкімшілікке байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық, бақылау жасау.

       Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы",  "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы",  заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.  Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.

         Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың оқу жұмысы  жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.

          және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

  

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 12 тамызынан бастап  26 тамызды қоса алғанда.

Құжаттарды  қарау мерзімі  2025  жылғы  27 тамызынан бастап  01 қыркүйекті қоса алғанда. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

       6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

      Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

     

Дата публикации
12 августа 2025