"№ 7 ЖОББМЛ" директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (0,5) қызметіне конкурс жариялайды

Абай облысы білім  басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің "№ 7 жалпы орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс жариялайды

(0,5 ставка)

 

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:

 Абай облысы  білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « №7 орта мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Конкурсты өткізу орны мен күні: Абай облысы,Семей қаласы,Бөгенбайұлы көшесі, 38А

Телефон: 8 (7222) 30-70-81

Электрондық пошта: kng_11@mail.ru

Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерi және қабылдау орны:

«№7 жалпы орта мектеп-лицей» КММ

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінімдер конкурс туралы хабарландыру жарияланған  күннен бастап 7  жұмыс күні  ішінде  «Абай облысы білім  басқармасының Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында,  «№7 жалпы орта мектеп-лицей» КММ мектебінің сайтында берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және жексенбі және мереке күндерін  қоспағанда, дүйсенбіден  жұманы қоса алғанда,  белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  1. Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  2. Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;
  3. Катерия педагог-эксперттен төмен болмау қажет.

 

            Лауазымдық міндеттері:  

Білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жоспарлары мен іс-шараларын, кәсіптік бағдар беру жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылайды. Дене шынықтыру, сауықтыру, көркемдік-эстетикалық бағыттағы сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және қосымша білім беру педагогтарының қызметін үйлестіреді.

Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді. Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу, мәдени-ағарту іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-тәрбие процесінің сапасына, үйірмелердің, секциялардың және тәрбие жұмысының басқа да түрлерінің жұмысына жүйелі мониторинг жүргізеді және жеке девиантты мінез-құлықты оқушылармен тәрбие жұмысы.

Тәрбие жұмысының мазмұнын, формалары мен әдістерін жетілдіреді.

Дене шынықтыру, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыс үдерісін дамытуды үйлестіру, студенттерге салауатты өмір салты нормаларын сіңіру жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары адамгершілік пен имандылық қасиеттерін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан оқушылармен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жұмыстарын ұйымдастырады.

Білім беру үдерісін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар және ата-аналар комитеттерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беруді ұйымдастыруда қолайлы моральдық-психологиялық климат құруды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді.

Құжаттар тізімі:

1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2023 жылғы 15.08 N 259 бұйрығы)

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат қызметінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

3) кадрлық есепке алу үшін толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарының нөмірлерін көрсете отырып, егер бар болса)

4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30.10. No КР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).

7) нейропсихиатриялық ұйымның анықтамасы

8) наркологиялық ұйымнан анықтама

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

 12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

         Кандидат бар болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми немесе әдістемелік басылымдарды, біліктілік санаттарын, бұрынғы жұмыс орнын басқару жөніндегі ұсынымдарды) ұсынады.       

         Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелерін кадр бөлімі жұмыс орнынан куәландырады және мөрмен куәландырады.

         Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан мектеп бас тартады.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

Мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Бөгембайұлы көшесі, 38 А

Телефон: 8 (7222) 30-70-81

Электрондық пошта: kng_11@mail.ru

Дата публикации
31 июля 2025