Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің "№ 7 жалпы орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілінде оқитын білім алушыны сүйемелдеу үшін педагог-ассистент қызметіне конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « №7 орта мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілінде оқитын білім алушыны сүйемелдеу үшін педагог-ассистент
Конкурсты өткізу орны мен күні: Абай облысы,Семей қаласы,Бөгенбайұлы көшесі, 38А
Телефон: 8 (7222) 30-70-81
Электрондық пошта: kng_11@mail.ru
Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерi және қабылдау орны:
«№ 7 орта мектеп-лицей» КММ
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінімдер конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында, «№ 7 орта мектеп-лицей» КММ мектебінің сайтында берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл, компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, оқу жүктемесі: аптасына 16 сағат, ал 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап - педагогтердің тарифтемесіне сәйкес.
Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2023 жылғы 15.08 N 259 бұйрығы)
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат қызметінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3) кадрлық есепке алу үшін толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарының нөмірлерін көрсете отырып, егер бар болса)
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30.10. No КР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).
7) нейропсихиатриялық ұйымның анықтамасы
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, сарапшы-оқытушының, зерттеуші-оқытушының, оқытушы-шебердің біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұғалімнің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы
Кандидат бар болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми немесе әдістемелік басылымдарды, біліктілік санаттарын, бұрынғы жұмыс орнын басқару жөніндегі ұсынымдарды) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелерін кадр бөлімі жұмыс орнынан куәландырады және мөрмен куәландырады.
Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан мектеп бас тартады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Бөгембайұлы көшесі, 38 А
Телефон: 8 (7222) 30-70-81
Электрондық пошта: kng_11@mail.ru