Қосымша-1
Педагогтерге оқуға ұсынылған 10 кітап
|
№ |
Кітап атауы |
Авторы |
Аннотациясы |
|
1 |
«Абай жолы» |
Мұхтар Әуезов |
«Абай жолы» — қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналған, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасы. Бұл төрт томдық роман-эпопея қазақ халқының ХІХ ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік-қоғамдық қайшылықтарын, рухани дүниесін, әсіресе Абай Құнанбайұлының өмірі мен кемелдену жолын көркемдік шеберлікпен суреттейді. |
|
2 |
«Педагогика» |
Мағжан Жұмабаев |
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі — ХХ ғасырдың басындағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш педагогикалық оқулықтардың бірі. Бұл еңбек 1922 жылы жазылып, 1923 жылы алғаш рет басылып шыққан. Ол қазақ халқының білім беру ісін ұлттық негізде дамытуды мақсат еткен ағартушы-ғалымның көрегендігін көрсетеді. Кітапта бала тәрбиесінің психологиялық және педагогикалық негіздері ғылыми тұрғыдан қарастырылып, бала мінезі, зейіні, тәрбиесі, оқыту әдістері мен мұғалімнің рөлікеңінен ашып көрсетілген. Мағжан өз еңбегінде Шығыс пен Батыстың педагогикалық тәжірибелерін ұштастыра отырып, оларды қазақ қоғамының болмысына бейімдеуді көздейді.
|
|
3 |
«Қазақ тарихының әлiппесi» |
Мұхтар Мағауин |
Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегі — қазақ халқының ежелгі дәуірден бастап жаңа заманға дейінгі тарихын шынайы деректерге сүйене отырып, қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндайтын құнды туынды. Автор бұл кітапты жалпы оқырманға, әсіресе жас ұрпақ пен жас ізденушілерге арнап, қазақтың тарихи санасын оятуға бағыттайды. Шығармада түркілік тамырдан бастау алған қазақ халқының қалыптасу жолы, сақ, ғұн, түркі қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы сияқты маңызды кезеңдер жүйелі түрде сипатталып, батырлар, хандар, билер мен жыраулардың орны ерекше атап өтіледі. Автор тарихи тұлғаларды ұлт мүддесі тұрғысынан бағалап, отаншылдық рух пен ұлттық бірегейлікті алдыңғы орынға қояды. «Қазақ тарихының әліппесі» — бұл жай ғана тарихи шолу емес, ол ұлт рухының, тарихи жадының және ұлттық сана-сезімнің қайнар көзі. Кітап жас ұрпаққа өз тарихын тануға, өткенінен сабақ алуға және болашағына сеніммен қарауға үндейді.
|
|
4 |
«Үш өлшемді әдістемелік оқыту жүйесінің технологиясы»
|
Жауымбай Қараев |
Жауымбай Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік оқыту жүйесінің технологиясы» атты еңбегі — білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістерді ұсынатын ғылыми-тәжірибелік бағыттағы құнды еңбек. Бұл технология оқушының тұлғалық дамуын, танымдық белсенділігін және құзыреттілігін қалыптастыруға арналған заманауи оқыту моделін ұсынады. |
|
5 |
«Видимое обучение» |
Джон Хэтти |
Джон Хэттидің «Көрінетін оқу (Visible Learning)» еңбегі — білім беру саласындағы оқыту мен оқудың тиімділігін ғылыми дәлелдерге сүйене отырып талдаған әлемдік деңгейдегі зерттеу еңбегі. Бұл кітапта автор 800-ден астам мета-анализді, яғни миллиондаған оқушыларды қамтыған 50 мыңнан астам зерттеуді саралай отырып, оқушылардың оқу жетістіктеріне нақты не әсер ететінін дәлелді түрде ұсынады. |
|
6 |
«Creative Schools: The Grassroots Revolution That’s Transforming Education» (Шығармашыл мектептер: Білім беруді өзгертетін түбегейлі өзгеріс) |
Кен Робинсон
|
Сэр Кен Робинсонның бұл еңбегі — қазіргі заманғы білім беру жүйесіне жасалған терең сыни талдау мен шығармашылыққа негізделген балама ұстанымды ұсынатын әсерлі туынды. Автор қазіргі мектептер көп жағдайда стандартқа негізделген, оқушының даралығын ескермейтін жүйеде жұмыс істейтінін, бұл білім алушылардың шығармашылық қабілетін шектейтінін айқын көрсетеді. Кітапта Робинсон білім берудің түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты, еркін ойлайтын, өз әлеуетін толық жүзеге асыра алатын тұлға етіп қалыптастыру екенін дәлелдейді. Ол нақты мысалдар арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі шығармашыл мектептер тәжірибесін, бастамашыл мұғалімдер мен оқушылардың оқытудағы тың тәсілдерін сипаттайды |
|
7 |
«The 7 Habits of Highly Effective People» («Жоғарытиімдіадамдардың 7 дағдысы») |
Стивен Кови |
Стивен Ковидің «Жоғары тиімді адамдардың 7 дағдысы» кітабы — тұлғалық даму, көшбасшылық және өзін-өзі басқару саласындағы әлемдік бестселлер. Бұл еңбек тек кәсіби табысқа жету жолдарын ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің барлық салаларында — жұмыста, отбасында, қоғамда тиімді болудың ішкі негіздерін қалыптастыруға бағытталған. |
|
8 |
«Emotional Intelligence» (эмоционалды интеллект) |
Даниэл Гоулман |
Даниэл Гоулманның «Эмоционалды интеллект» еңбегі — адамның табысты болуында IQ-дан гөрі эмоцияларды басқару қабілетінің үлкен рөл атқаратынын көрсететін іргелі зерттеу. Автор эмоционалды интеллекттің төрт негізгі құрамдас бөлігін: өзін-өзі тану, өз эмоцияларын басқару, әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары және эмпатияны жан-жақты талдайды |
|
9 |
«What Great Teachers Do Differently» (Тамаша мұғалімдер өзгеше не істейді?) |
Тодд Уитакер |
Тодд Уитакердің «Тамаша мұғалімдер өзгеше не істейді?» атты еңбегі – оқыту шеберлігінің негізгі қағидаларын нақты, түсінікті әрі практикалық тұрғыда сипаттайтын мотивациялық әрі әдістемелік құрал. Автор көпжылдық мектеп басқару және педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, үлгілі мұғалімдердің мінез-құлқы, шешім қабылдау тәсілі мен оқушылармен қарым-қатынастағы ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсетеді.
|
|
10 |
«Дисциплина без стресса» |
Марвин Маршалл |
Марвин Маршаллдың «Стресссіз тәртіп» (Дисциплина без стресса) атты еңбегі — тәртіп бұзуды жазалаусыз, айқай-шусыз және қысымсыз басқару жолдарын ұсынатын заманауи әрі тиімді әдістемелік құрал. Автор бұл еңбегінде оқушылардың тәртібін жағымды қарым-қатынас пен ішкі мотивация арқылы жақсартуды көздейді. |