Біртұтас тәрбие

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

2024-2025 жылға арналған

жұмыс жоспары

 

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен    

 адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

 

Күтілетін нәтиже:

әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу;

ғылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінігін сауатты, дәлелді жеткізе білу; 

себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін қолдана білу, неғұрлым күрделі нақты байланыстар мен олардың тәуелділіктерін зерттей алу; 

сыни ойлау, сенімді ғылыми ақпаратты анықтау және ғылымға қарсы идеяларды сыни талдай алу дағдыларының болуы; 

фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, жаратылыстану және гуманитарлық салаларында, зерттеу қызметінде тәжірибені түсіну. 

Күтілетін нәтижелер оқу-тәрбие процесін іске асырудың тиімділігін мониторингтеу және бағалау үшін негіз болып     табылады.

 

Күнделікті 

  • «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
  • «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
  • «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу
  • «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау

 

Апта сайын

  • «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды
  • «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
  • «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу

 

 

Дата публикации
22 апреля 2025