«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» КМҚК және Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау мақсатында 2025 жылдың 27 наурызынан бастап Халықаралық құстар күніне орай ұйымдастырылған «Ең креативті құс ұясы» облыстық экологиялық байқауын қашықтан өткізетінін хабарлайды.
Өтінімдер мен байқау жұмыстары yuliyabiocenter@mail.ru
эл. поштасына ағымдағы жылдың 8 сәуіріне дейін жіберілуі қажет. Байқау ережесі мен өтінім үлгісі қосымшада жолданады.