Құрметті ата-аналар!
Семей қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарды дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландыру тәсілі енгізілді.
Бұл қаржыландыру тәсілі қолданылғанда ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге мемлекеттік ваучерлер беріледі. Ата-аналар баласын балабақшаға бергенде баламен бірге мектепке дейінгі ұйымға мемлекеттік ақшаны «алып келеді». Және ай сайын мектепке дейінгі ұйыммен толтырылатын, баланың келуі туралы табельдерді тексереді және келісім береді.
Назар аударыңыз:
1.Кезек толықтай қайта құрылды. Кезек түрлері мен санаттары өзгерді. Балалардың кезектегі орындары жаңартылды. Әрқайсыңыз indigo24.kz порталына кіріп, ваучер алу кезегінің жаңартылған санатын және оның нөмірін тексере аласыздар.
2.Кезек бұрынғыдай ашық болып қала береді және оны порталдың басты бетінде көруге болады.
3.Егер сіз бұған дейін кезекке тұру үшін өтініш берген болсаңыз, қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ. Сіздің өтінішіңіз порталда сақталып, жаңа ережелерге сәйкес есепке алынған.
4.Жаңа ережелер бойынша кезекке қою процесі іске қосылды. Енді кезек ваучерге (балаңыз үшін балабақшада қаржыландыру құқығына) сәйкес құрылады.
5.Алғашқы ваучерлер 2025 жылғы 12 наурызда беріле.
6."Стоп-листте" тұрған өтініштерді ата-аналар өз бетінше қалпына келтіре алады (қажет болған жағдайда). Ол үшін indigo24.kz жеке кабинетіне кіріп, өтініштің статусын тексеру керек. Егер өтініш "стоп-листте" болса, “қалпына келтіру” батырмасын басу қажет.
7.Балабақшаға қабылданған барлық балаларға ваучер автоматты түрде берілді. Олар үшін ештеңе өзгермейді, ай сайын 1-10 аралығында сабаққа қатысу табелін қол қою міндеттемесінен басқа.
8.Ата аналар міндетті түрде мобильді қосымшаны орнатуы керек ED24.kz, ваучеріңізді жіберіп алмау үшін