«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды.

 

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің 

«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдық қызметке

конкурс жариялайды.

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ инклюзивті білім беру бойынша директордың орынбасары 0,5 жүктеме тұрақты, екі тілде.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:Абай облысы, Семей қаласы, Ағайынды Мусиндер көшесі, 19

Байланыс  телефоны: 8 (7222) 522269

Конкурсқа қатысуға өтінім  беру мерзімі және қабылдау орны:

«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің» ММ,  «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады. 28.02.2025ж.-12.03.2025ж. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.Конкурсқа құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 1,17, 18-қосымшаларымен қабылданады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  1. Лауазымдық міндеттері:

 

  1. Жалпы ережелер

Инклюзивті білім беру бойынша директордың орынбасары білім беру ұйымының қызметкері болып табылады.

Ол тікелей ұйымның басшысымен (директорымен) есеп береді.

Өз қызметін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, ұйымның ішкі ережелері мен осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.

  1. Негізгі міндеттер

Білім беру ұйымында инклюзивті білім беруді дамыту және енгізу стратегиясын жасау.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар (АБҚ) оқушылармен жұмыс ұйымдастыру және үйлестіру.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Инклюзивті білім беру ортасын құру және оның қолданыста болуын қадағалау.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке білім беру жоспарларын жасау.

Инклюзивті білім беру бойынша даму жоспарларын әзірлеу.

АБҚ оқушыларының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кеңес жүргізу, оларды білім беру процесіне тарту.

Денсаулық сақтау мекемелерімен және басқа да әлеуметтік қызметтермен бірігіп, оқушыларға кешенді қолдау көрсету.

Педагогикалық қызметкерлерді инклюзивті білім беру саласында кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі және АБҚ балалардың құқықтары мен кепілдіктерін сақтау.

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша есептерді әзірлеу және ұйымның басшылығына, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну.

Инклюзивті білім беруге бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

  1. Құқықтар

Білім беру процесінің қолжетімділігін арттыру үшін қажетті өзгерістер енгізуге бастама көтеру.

Өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұйымның қызметкерлерінен сұрау.

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша жергілікті басқару органдарында, білім беру және әлеуметтік құрылымдарда білім беру ұйымының өкілі болып қатысу.

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктерге және мәжілістерге қатысу.

  1. Жауапкершілік

Инклюзивті білім беру процесінің сапасы үшін.

Инклюзивті білім беруді реттейтін заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін.

Уақытылы және сапалы есептерді дайындау үшін.

Инклюзивті білім беру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды орындау үшін.

Педагогикалық қызметкерлердің инклюзивті білім беру бойынша жұмысының үйлестіруі үшін.

  1. Талаптар

Педагогика немесе психология саласында жоғары білім (инклюзивті білім беру саласындағы қосымша біліктілік болуы құпталады).

Білім беру саласында жұмыс тәжірибесі (арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады).

Инклюзивті білім берудің заңнамасын және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын білу.

Командалық жұмыста жұмыс істеу дағдылары, жоғары коммуникативті қабілеттер, стреске төзімділік.

Бұл лауазымдық нұсқаулар білім беру ұйымының ерекшеліктеріне және білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

  1. Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

     10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 

12) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары

           

13) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2025