«№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ІТ-маманы екі тілде (0,5 жүктеме) тұрақты бос орынға конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің  «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  ІТ-маманы екі тілде (0,5 жүктеме) тұрақты босорынға  конкурс жариялайды.

Конкурс жарияланған ұйым атауы: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  ІТ-маманы екі тілде  (0,5 жүктеме) тұрақты бос орынға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:Абай, Семей қаласы, Ағайынды Мусиндер көшесі, 19 үй.

Байланыс  телефоны: 8 (7222) 522269

Конкурсқа қатысуға өтінім  беру мерзімі және қабылдау орны:

«Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің ММ,  «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 21.01.2025-30.01.2025 ж.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Ақпараттық-техникалыққамтамасызетудіжәнекомпьютерлік техника мен ұйымдастырутехникасыныңүздіксізжұмысынұйымдастыру;
  • Қызметкерлердіңжұмысорындарынжеделтехникалыққамтамасызету;
  • Сервердіңаппараттыққұралдарынорнату ;
  • Бағдарламалардыорнату;
  • НОБД, kz, мектеп сайты, ustaz платформасымен жұмыс жасау.

 

  • Жұмысорында бағдарламалыққұралдарын;
  • Компьютерлік техника мен ұйымдастырутехникасынжөндеу, жаңғыртужәнепрофилактикалыққызметкөрсету;
  • Пошталықбағдарламалардыорнатужәнежүргізу;
  • Желілікжабдықтыорнату, жәнетехникалыққызметкөрсету;
  • Компьютерлік техника мен ұйымдастырутехникасынесепкеалужәнетүгендеу;

Қажеттіанықтамаларды, аналитикалықматериалдардыдайындау

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-6 жыл;

      орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл.

      Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      эмоциялық-еріктік саласы, ақыл-ой, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдасқан оқу және түзету-дамыту қызметінің барлық түрлерінде орын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде сүйемелдеу көрсете білуі тиіс;

      әр түрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділік, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени алуан түрлілігіне ашықтық таныту және инклюзивті білім беруді, оның ішінде қоғамның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асыру;

      2) "педагог-модератор":

       дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

       мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

      тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

       3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктерді, сондай-ақ:

       дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

       білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

       мұғалімнің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      дамуында ауытқушылықтарды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдана білу, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін талдау және жүргізу;

      білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушы (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттеріне ие болу;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша консультация беру;

      4) "педагог-зерттеуші":

       дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;

       мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

       тәрбиешінің басшылығымен ПМПК, консилиум ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдысының болуы (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдастырылған қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамыту қолдауын көрсету бойынша);

      педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуді білу;

      инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;

      барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;

      педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуді білу;

      инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;

      барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Дата публикации
22 января 2025