Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 0,5 жүктеме профориентатор бос орнына конкурс жариялайды

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы  білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  0,5 жүктеме профориентатор бос орнына конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы №39жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Профориентатор.

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071412, Абай облысы, Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 11.

Байланыс телефоны: 35-56-36

Электрондықмекен-жайы :school3939@bk.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: 10.01.2025ж. – 25.01.2024ж. күндері аралығында  Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы  білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

 

   мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

      қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

      кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

     

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;

      психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

      компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

      педагогикалық этика нормалары;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

     

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

  1. Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      сәйкес келуі тиіс жалпы талаптарға қойылатын педагог-профориентатору, сондай-ақ:

      мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау әдістемелерін әзірлеуді және байқаудан өткізуді жүзеге асырады;

      кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша оқушылардың қызығушылықтарына зерттеу жүргізеді;

      өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

      2) "педагог – модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      оқушыларға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандық таңдауға көмек көрсетеді, әр оқушының жеке бағытын жасауды үйлестіреді;

      ұйымдастырушы-педагогтермен-сынып жетекшілерімен, педагог-психологтармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп Оқушылардың психофизиологиялық дамуына, жеке қызығушылықтары мен уәждемелеріне талдау жүргізеді;

      оқушылардың жеке ерекшеліктері мен оқу жетістіктерін диагностикалау негізінде оқушылармен, олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен консультациялық жұмыс жүргізеді;

      кәсіптік бағдар беру мәселелерінде әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      3) "педагог – сарапшы":

      біліктілікке сәйкес келуі тиіс: "педагог-модератор", сондай-ақ:

      оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау және мансапты жоспарлау мәселелерінде бағдарламаларды, ережелерді, жоспарларды, меморандумдарды, әлеуметтік практикаларды, жобаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      жеке сандық білім беру ресурстарын жасайды;

      өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

      кәсіби кеңес беру мен кәсіптік бағдарлау жұмысының заманауи отандық, шетелдік тәжірибесін жинақтайды, жүйелейді және практикаға енгізеді;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:

      азаматтық сана-сезімі мен патриотизмі бар оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттері мен академиялық адалдығын дамытуға ықпал етеді;

      оқушылардың жеке қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістерін қолданады, оқушылармен жұмыста нәтижелілікті қамтамасыз етеді;

      оқушының қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мұғаліммен бірге негізгі және жоғары мектептерде оқу үшін бейінді пәндерді таңдауға жәрдемдеседі;

      бойынша іс-шаралар, семинарлар, мастер-кластар өткізеді.

      кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беру жұмысы;

      5) "шебер-педагог":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:

      авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болу;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Сотталғандығыболуы не болмауытуралы анықтама;

10) педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

            Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

            Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай:Абай облысы,  Семей қаласы, Физкультурная  көшесі, 11

Байланыс телефоны: 35-56 -36

Электрондық мекенжай : school3939@bk.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялағанмемлекеттік
орган

 

                     

 

_______________________________________________________________

 

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекен жайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       _______________________________________________________________

       білім беру ұйымдарының атауы, мекен жайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      лауазымы, ұйымныңатауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
       Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
       Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
       Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
      ____________________________________________________________

 

Дата публикации
13 января 2025