Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары орнына конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы №39жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071412, Абай облысы, Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 11.
Байланыс телефоны: 35-56-36
Электрондықмекен-жайы :school3939@bk.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: 11.12.2024ж. – 25.12.2024ж. күндері аралығында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсету мен тиісті жай күйін, сондай-ақ жабдықтың ақаусыздығын қамтамасыз етеді. Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен қамту жүйелерін, ауа өткізгіш құбырларды және өзге ғимараттарды) ағымдағы және толық жөндеу жоспары әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметасын құрастыруға қатысады. Үй-жайды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық керек-жарақпен, инженерлік және басқарушылық еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуы мен уақытылы жөнделуін жүзеге асырады. Қызмет көрсетуге, кеңсе тауарларын, қажетті шаруашылық материалды, жабдық пен керек-жарақты алу мен сақтауға шарт жасасады, құрылымдық бөлімдерді олармен қамтамыз етеді, сондай - ақ олардың жұмсалуын есепке алады және белгіленген есептілікті дайындайды. Шаруашылық мақсатқа бөлінген материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іссапарға келген тұлғалар мен делегацияны қабылдауды, тіркеу мен тиісті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жұмысына, ғимараттың қасбеттерін, кіреберістерді мерекеге орай көркемдік безендіруге жетекшілік етеді. Өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Табельдік есепке алу, түскі үзіліс кезінде жұмыскерлерді тиімді тамақтандыру, еңбек демалысы мен жұмыс күнінің тәртібін құрастыру бойынша жұмыс істейді. Өрт қауіпсіздігі іс-шараларын орындауды және өрт керек-жарағын күтіп ұстауды қамтамасыз етеді. Байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдық техниканы енгізу бойынша шара қабылдайды. Бөлім жұмыскерлеріне басшылық етеді. Жұмыскерлердің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Сотталғандығыболуы не болмауытуралы анықтама;
10) педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай:Абай облысы, Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 11
Байланыс телефоны: 35-56 -36
Электрондық мекенжай : school3939@bk.ru
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
_______________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекен жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекен жайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
лауазымы, ұйымныңатауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
____________________________________________________________