Шеберлік сағаты есебі

Шеберлік сағаты есебі

 

Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 1 қарашада Абай облысы жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында химия пәні мұғалімдеріне Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімі Оразбеков Асылбек Тұрғанбайұлы Шеберлік сағатын өткізді.

Мақсаты: Химия пәні мұғалімдерінің ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ бойынша теориялық біліктілігін арттыру, химиялық есептерді шешудің оңай, тиімді әдістерін меңгерту, пәндік құзіреттілілікті арттыруда кәсіби қолдау көрсету.

 

ЕСЕПТЕР ТАҚЫРЫБЫ :

  1. Титрлеу
  2. Ерітінді pH-ы
  3. Буферлі ерітінділер
  4. Олеум
  5. Математикалық есептер
  6. Пластинка
  7. Қоспа
  8. Кристаллогидрат

 

Өтілген іс-шараның барысы: Шеберлік сағаты барысында мұғалімдер әр тақырып бойынша есептерді тренер қолдауымен және өз бетімен шешіп, оларды тақтада көрсетті. Әрбір есептің мазмұны, шығарылу әдістері мен нәтижелері кеңінен талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Қорытынды: Шеберлік сағаты мұғалімдердің есептерді шешу дағдыларын жетілдіруге, химия сабақтарында есептерді шығаруда қолданатын әдістерін жаңартуға ықпал етті. Іс-шара барысында мұғалімдер талқылау арқылы тәжірибе алмасып, өзара білімдерін толықтырды.

 

ХИМИЯ пәнінен Жаңартылған бағдарлама аясындағы

ЕСЕПТЕР

1) Титрлеу есептері

  1. Массасы 7.46 г Me₂CO₃ суда еріткенде 1000 см³ ерітінді алынды. Осы ерітіндінің 25.0 см³ титрлеу үшін 27.0 см³ 0.100 моль·дм⁻³ HCl ерітіндісі жұмсалды. Тұздың формуласын және металды анықтаңыз.

Жауабы: K₂CO₃, калий

  1. Массасы 1.00 г әктас үлгісін ерітуге 100.0 см³ 0.200 моль·дм⁻³ HCl ерітіндісі жұмсалды. Артық қалған қышқыл ерітіндісін 24.8 см³ 0.100 моль·дм⁻³ NaOH ерітіндісімен титрледі. Әктас құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңіз.

Жауабы: 87.6%

2) Ерітінді pH есептері

  1. Көлемі 20 см³ 0.100 моль/дм³ HNO₃ ерітіндісіне 30 см³ 0.050 моль/дм³ KOH қосқан кездегі ерітіндінің pH мәнін есептеңіздер.

Жауабы: pH=2.00

  1. Көлемі 50 см³ 0.150 моль/дм³ KOH ерітіндісіне 50 см³ 0.100 моль/дм³ H₂SO₄ қосқан кездегі ерітіндінің pH мәнін есептеңіздер.

Жауабы: pH=1.602

 3) Буферлі ерітінді

  1. Көлемі 50.0см³ 1.00моль/л метан қышқылы (Kₐ = 1.78 × 10⁻⁴) ерітіндісіне 20см³ 1.00 моль/л натрий формиаты ерітіндісін қосып, араластырды. pH есептеңіз.

Жауабы: 3.352

  1. Көлемі 25.0см³ 0.500 моль/л метан қышқылы (Kₐ = 1.78 × 10⁻⁴ моль/л) ерітіндісіне 10см³ 1.00 моль/л NaOH ерітіндісін қосып, араластырды. pH есептеңіз.
  2. pH=8.0 аммиакты буферлі алу үшін көлемі 20см³ 0.100 моль/л аммиак (Kb = 1.84 × 10⁻⁵) ерітіндісіне қанша 0.1M хлорсутек ерітіндісінің көлемін қосу қажет?

Жауабы: 368мл

 

4) Олеум есептері

  1. Олеумдегі ω(S) = 0.341 болатын болса, олеумдегі SO₃-тің массалық үлесі?

Жауабы: 19,7%

  1. 200г ω(SO₃) = 15%-дық олеум алу үшін ω(H₂SO₄) = 70% (ρ = 1.60 г/см³) ерітіндісі мен ω(SO₃) = 60% (ρ = 1.98 г/см³) олеумнің қандай көлемдерін алу қажет?

Жауабы: 77,5 мл, 29,1 мл

  1. 12%-дық 80г олеумді сұйылтқанда 56%-дық (ρ=1.46г/мл) күкірт қышқылы ерітіндісі алынды. Сұйылтуға қажетті судың және ерітіндідегі күкірт қышқылының массасы және молярлық концентрациясы
  2. A) 70.4г
    B) 8.25M
    C) 45.7г
    D) 82.16г
    E) 11.76г
    F) 8.34M
    G) 8.46M
    H) 15.5г
  3. Массасы 500 г 80%-дық күкірт қышқылы ерітіндісін дайындауға қажетті 20%-дық олеум мен 60%-дық күкірт қышқылы ерітіндісінің массалары:
    А) 400 г; 100 г
    В) 80 г; 420 г
    С) 175 г; 325 г
    D) 225 г; 275 г
    E) 240 г; 260 г
  4. 20%-тік олеум алу үшін 250 гр 90%-дық күкірт қышқылына қосу керек күкірт (VI) оксидінің массасын анықтаңыз:
    А) 305 г
    В) 390 г
    С) 512 г
    D) 439 г
    E) 201 г
  5. 12,5 %-дық (SO3) олеум алу үшін көлемі 54,95 см³ (тығыздығы 1,82 г/см³) ω(H2SO4) = 91 % ерітіндісіне қанша грамм пирит қажет? Егер пириттен алынатын SO2-ніңSO3-ке дейінгі тотығу үрдісі 75 %-дық шығыммен жүретін болса:
    А) 70 г
    В) 60 г
    C) 10 г
    D) 50 г
    E) 40 г

 

 

5) Математикалық есептер

  1. Майра апай кездейсоқ майдылығы 2,5% және 6% сүттерді араластырды. Нәтижесінде майдылығы 4,6%, ал көлемі 5 литр сүт алды. Араласқанға дейін майдылығы 2,5% сүт қанша литр болды? (2л)
  2. Химик Азамат 10% және 20% спирт ерітінділерін араластырды. Алынған қоспаға 1 литр таза су қосса, 14 % спирт ерітіндісі алынады. Ал, егер 1 литр 40 % спирт ерітіндісін қосса, онда ол 22% пайыздық ерітіндісін алады. Азамат 10 % спирт ерітіндісінен қанша литр араластырды? (1л)
  3. 8% және 13% тұз ерітінділерін араластырып, және оған 200 мл 5% тұз ерітіндісін қосып, 7% тұз ерітіндісін алды. Егер 5% 200 мл орнына ерітіндісі 300 мл 17% тұз ерітіндісін қосса, 15% тұз ерітіндісін алар еді. Ерітінді алу үшін 8% және 13% тұз ерітінділері қанша миллилитр қолданды?   (70   мл   8%   және  55   мл   13%)

6) Плантинкаға есептер

  1. Массасы 8 г темір тақташаны 200 г 16%-тік CuSO4 ерітіндісіне
    батырды. Біраз уақыттан кейін тақташаны алып өлшегенде оның
    массасы 8.8 г болған. Реакциядан кейін қалған ерітіндідегі темір (ІІ)
    сульфатының массалық үлесі (%)
    А) 6,45 %
    B) 7,63 %
    С) 12,3 %
    D) 8,52 %
  2. Белгісіз ІІ металл сульфатының 50 г ерітіндісіне мырыш пластинкасы
    батырылған. Біраз уақыттан кейін пластинканың массасы 1.08 граммға
    артқан, ал ерітіндідегі мырыш сульфатының массалық үлесі 6.58% болған.
    Пластинкаға қандай металл бөлінген,
    А) қалайы
    В) темір
    С) хром
    D) мыс
  3. 136 г 25%-дық күміс нитратының ерітіндісіне 15г мыс пластинкасын
    батырды. Белгілі бір уақыттан кейін пластинканы ерітіндіден алып
    кептіргеннен кейінгі массасы 22.6 г құрады. Реакциядан кейінгі күміс
    нитратының ерітіндісінің массалық үлесі
    А) 14,2 %
    В) 28,4%
    C) 13,2 %
    D) 10%
  4. Қорғасын пластинкасы 180 г мыс (ІІ) нитратының 25% ерітіндісінде біраз
    уақыт ұсталды. Нәтижесінде пластинканың массасы 18,6 г-ға азайды,
    пластинкаға жабысқан мыстың массасын және алынған ерітіндідегі
    заттардың массалық үлестерін анықтаңыз.
    А) 26,6%
    В) 21,7 %
    С) 9,82 г
    D) 32,5 %
    Е) 8,32 г
    F) 12,7%

7) Қоспаға есептер

  1. Массасы 21,4 г кремний мен мырыштың қоспасын натрий гидроксидімен
    қыздырып өңдеген кезде 17,92 л газ бөлінді. Қоспаның құрамын анықтаңыз (%)
    A) 77,15
    B) 85
    C) 39,25
    D) 60,75
    E) 22,85
    F) 15
  2. Массасы 2,08 г кальций оксиді мен магний оксиді қоспасын артық
    мөлшерде алынған азот қышқылымен өңдегенде 6,4 г нитраттар қоспасы
    алынған. Бастапқы қоспадағы магний оксидінің массалық үлесін анықтаңыз.
    A) 81%
    В) 40%
    C) 60%
    D) 19%

8) Кристаллогидрат бойынша есептер  

  1. MgSO₄-тің 200г 20%-тік ерітіндісін әзірлеуге қажет MgSO₄ × 7H₂O мен судың массалары
  2. A) 82г және 160г
    B) 60г және 140г
    C) 40г және 160г
    D) 80г және 120г
    E) 82г және 118г
  3. Сусыз MnSO₄-тің 20% ерітіндісін алу үшін 100 моль суда еритін MnSO₄ × 5H₂O-ның мөлшері:
  4. A) 4.5 моль
    B) 3.5 моль
    C) 1.5 моль
    D) 2.5 моль
    E) 5 моль
  5. Концентрациясы 0.238моль/л, 400мл натрий дихроматының ерітіндісіне (ρ = 1.041 г/мл) осы тұздың 40г кристалогидратын қосты. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі 13.17%-ға тең болды. Кристалогидраттың құрамы:
  6. A) Na₂Cr₂O₇ × 3H₂O
    B) Na₂Cr₂O₇ × H₂O
    C) Na₂Cr₂O₇ × 2H₂O
    D) Na₂Cr₂O₇ × 4H₂O
    E) Na₂Cr₂O₇ × 5H₂O
Дата публикации
06 ноября 2024