«№ 45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 22.10.2024 жылы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған «Психологиялық-педагогикалық қолдау» кабинеті ашылды.

Психологиялық-педагогикалық  қолдау кабинетінің ашылуы

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес «№ 45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 22.10.2024 жылы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған «Психологиялық-педагогикалық қолдау» кабинеті ашылды.

Ашылу   салтанатына   Семей   қаласының   білім бөлімі басшысы           Б.З Булабаев, қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Алғы сөзді  мектеп директоры А.Т Нуралдинов құттықтау сөзін сөйлеп, кабинетке қолдау білдірген демеуші Б.Е Бейсекеновке алғыс хат табыстады. Ата-ана Қ.Қ Искакова құттықтау сөзін сөйледі. Ата-ана А. Кабыкенова  мен  Г.Н Нургазиеваға  лента қию рәсімі ұсынылды.

Іс-шара барысында оқушылар ырғақты жаттығу көрсетіп, балалардың «Алтын күз» көрмесіне дайындалған қол өнер бұйымдары, спортта оқушылардың жетістікке жеткен марапаттары көрмеге қойылды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.К Сыдыкова кабинеттің жұмыс мақсатымен таныстырды.  Жеке аймақта педагог-логопед Ж.Е Бахтыбаева, топтық аймақта педагог-дефектолог Р.Ж Кудайбергенова, сенсорлық аймақта педагог-психолог А.С Курсакова, сергіту аймағында педагог-ассистент           М.Т Конильбаева өз сабақтарынан үзінді көрсетті.

         Мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен  2022 жылдан бері жұмыстар жүйелі түрде нәтижелі жұмыстар жүргізлуде.      

Семей қаласының білім бөлімі

Открытие кабинета  Психолого-педагогической поддержки инклюзии

 

По плану отдела образования города  Семей  22 октября 2024 года в  КГУ СОШ № 45 открыт  кабинет « Психолого-педагогической поддержки инклюзии». На торжественном открытии  присутствовал руководитель отдела образования г.Семей Булабаев Б.З, были приглашены заместители  директоров школ №№ 12, 34, 36, специалисты КППИ : педагоги-дефектологи, логопеды,  родители. С поздравительным словом выступил  руководитель отдела образования г.Семей  Булабаев Б.З..  Директор школы  Нуралдинов А.Т.  поздравил с открытием и  вручил Благодарственное письмо спонсору    Б.Е Бейсекенову. Церемонию открытия кабинета предоставили родительнице  А. Кабыкеновой и                Г.Н Нургазиевой.

Заместитель директора по УВР СОШ № 45 Сыдыкова К.К. ознакомила с  работой КППП. Специалисты кабинета психолого-педагогической поддержки Кудайбергенова Р.А. -педагог-дефектолог, Бахтыбаева Ж.Е.-логопед, Курсакова А.С.-педагог-психолог, Конильбаева М.Т.  –педагог-ассистент продемонстрировали в 4-х зонах  эпизоды занятий коррекционной работы с учащимися с особыми образовательными потребностями.

Отдел образования г. Семей

Дата публикации
22 октября 2024