«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Педагог лауазымына қабылдау комиссия отырысының №44 хаттамасы

«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Педагог лауазымына қабылдау комиссия отырысының

 №44  хаттамасы

20.09.2024 жыл                                                            

 

       Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі бос лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау және іріктеу бойынша конкурс өтті.

        14.08.2024 - 24.09.2024 ж. аралығында 7 жұмыс күн ішінде үміткерлердің құжаттарын жинақтау басталды. Конкурс туралы хабарландыру Білім және Ғылым Министрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы , Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 жылғы №259 бұйрығының қосымшасына сәйкес информатика пәні мұғалімі бос лауазымына конкурс жарияланып, қалалық білім бөлімінің және мектептің ресми желісінде, электрондық еңбек биржасында enbek.kz, nobd.edu.kz сайттарына жарияланды.

       Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қараша  2023 жылғы  «педагог лауазымына тағайындау үшін  комиссия құру туралы» №03-01/216 бұйрығына сәйкес төмендегі құрамда комиссия құрамы тағайындалды:

       Комисия төрағасы: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Сарсенбинова Гульназ Асемхановна                          

       Мүшелері: 

  1. Садубаева Сауле Бияхметовна - директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Алпысова Меруерт Ерлановна - директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
  3. Есенгужинова Фируза Каримбековна - кәсіподақ ұйымының төрайымы
  4. Байбулова Назгуль Айткаримовна - информатика пәнінің мұғалімі

Хатшысы:  Ибраева Асель Бектемисовна

           20 қыркүйек 2024 жылы сағат  11:30 информатика пәні мұғалімі бос лауазымына үміткер 3 адамның құжаты қаралды.

Үміткер 3 адам:

  1. Тұяқбаев Ерсайын Куандыкович– құжаттары толық емес. Конкурсқа жіберілмейді.
  2. Туканов Рысбек – құжаттары толық емес. Конкурсқа жіберілмейді.
  3. Берікқанқызы Диана – құжаттары толық. Жалпы ұпайы – 11б.

 

Конкурстық коммисияның құжаттарды қарау бойынша пікірлері:

Директордың  оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Алпысова М.Е.: Берікқанқызы Дианада

   «Информатика пәні» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесі бар.

 

Комиссия құрамы лауазымға үміткер адамның құжатын қарап, Білім және ғылым минстрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы , Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 жылғы №259 бұйрығының қосымшасына сәйкес Берікқанқызы Диана  ( 11 балл) кандидатурасына дауыс берілді, конкурстан өтті деп есептеледі және тағайындауға ұсынылады (Конкурс өткізу туралы ережесінің 126-тармағы)

Қолдаған: 5.

Қарсы: 0.

Қаулы: Информатика пәні мұғалімі лауазымына  Берікқанқызы Диана конкурстың жеңімпазы болып танылып, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.

 

Комиссия төрағасы:    ______________Г.А.Сарсенбинова

Комиссия мүшелері:   ______________С.Б. Садубаева

                                      ______________ М.Е. Алпысова

                                      ______________ Ф.К. Есенгужинова

                                      _______________Н.А. Байбулова

Комиссия хатшысы:   _______________ А.Б.Ибраева

 

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2024