Қазақ тілі пәні мұғалімі (оқыту орыс тілінде) тұрақты бос орынға конкурс

Абай облысы білім басқармасының

Семей қаласы  білім бөлімінің

 «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

  Қазақ тілі пәні мұғалімі (оқыту орыс тілінде) тұрақты бос орынға 

 конкурс жариялайды

 

 

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   қазақ тілі пәні  мұғалімі  бос орынға (оқыту орыс тілінде) 1 жүктеме.

Орналасқан жері: Абай облысы Семей қаласы Ағайынды  Мусиндер көшесі, 19.

Байланыс номері: 8(7222) 52-22-69

 

Жұмысқа қабылдануға құжаттарды (hr-nobd.edu.kz) сайт арқылы қабылданады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz, nobd.edu.kz сайттарына, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде  02.09.2024 ж. – 10.09.2024ж. аралығында жүзеге асырылады. 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог» біліктілігі немесе «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;

 

Лауазымдық міндеттері:  

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" занын," Қазақстан Республикасының «Тіл туралы", "Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Туралы" зандар, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу" және басқа да нормативтік-құқықтық актілер бағыттары мен келешегін айқындайтын білім беруді дамыту әдістемесі " пәнін оқыту, тәрбие жұмыстары, жарақтау мен жабдықтау талаптарын оқу кабинеттері және қосалқы үй-жайларды, оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, негізгі бағыттары мен даму болашағы, білім мен педагогикалық ғылым және құқық негіздері, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, педагогика мен психология, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды.
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.

2.Оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

3.Оқушылардың жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.

4.Оқушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.

5.Оқушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

6.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік ісшараларға, өз білімін жетілдіру мақсатында мектепте, қалада өтетін семинарларға қатысуға міндетті.

7.Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады.

8.Жылдық жоспар негізінде пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады.

9.Кесте бойынша сабақ жүргізеді, ашық сабақ өткізеді

10.Оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қадағалайды. Оқушы сабаққа келмей қалған жағдайда, сынып жетекшісіне хабарлайды.

11.Оқушыларда пәніне сәйкес дәптерінің болуын, дұрыс толтырылуын қадағалайды.

12.Журналды тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сай уақытылы толтырады.

13.Оқушыларға қорытынды баға қояды.

14.Электрондық журналға бағаны күніне және пәніне сәйкес қояды.

15.Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес бақылау, диктант, өздік жұмыс, тоқсандық, жылдық қорытынды жұмыстарын өткізеді. Бақылау жұмыстарын тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді. Бақылау қорытындысы бойынша есеп береді.

16.Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысады.

17.Үлгерімі төмен оқушыларға, білім сайыстарына қатысатын оқушыларға қосымша сабақтар жүргізеді.

18.Мектеп аумағында және мектептен тыс оқушыларымен, ата-аналарымен, әріптестерімен әдеп нормаларын сақтайды.

19.Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуына жауапты болып, келесі шараларды жүзеге асырады:

  1. a) Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды.

ә) Оқу бағдарламасын техника қауіпсіздігін ескере отырып, өткізеді.

б) Зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын өткізіп, басшылыққа жазатайым оқиға туралы дереу хабарлайды.

в) Оқушыларға сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктеме жүргізеді.

20.Сабақ басталардан 15 минут бұрын келіп, оқушыларды қарсы алады.

21.Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.

22.Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы ережесіне бағынады.

  1. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

     

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Дата публикации
02 сентября 2024