Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Конкурсты өткізу орны, пошталық мекенжайы: индекс 071402, Абай облысы, Семей қаласы, Қашаған көшесі, 26
Байланыс телефоны: 8 (7222)32-07-17
Электрондық мекен-жайы: semsk_sosh_17@mail.ru
Конкурс жарияланған лауазым атауы: мұғалім-дефектолог
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Қазақ және орыс тілдерін білу.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: 5 күндік жұмыс аптасы, 1 бірлік жүктемесі бойынша, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап – тарифке сәйкес. Лауазымдық жалақысы: 70000 теңгеден бастап.
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.07. 2009ж. №338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі 3-тарауының 10-тармағының талаптары негізінде:
1) "педагог":
балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін қолдануы керек;
арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог – модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
3) "педагог – сарапшы":
"педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін қолдану;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог – сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
дефектология ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалану;
арнайы педагогика және психология;
тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жалпылауға тәлімгерлікті жүзеге асыру;
психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
арнайы педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізу;
педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптерін басшылыққа ала отырып, өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру;
кәсіби даму траекториясына сәйкес өзін-өзі оқыту дағдыларын меңгеру;
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтердің кәсіби қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: 20.08.2024ж. – 28.08.2024 ж. күндері аралығында Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.