Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 21.08.2024 -29.08.2024 ж аралығында қазақ және орыс сыныптарындағы инклюзивті білім беру бойынша педагог-психолог лауазымына конкурс жариялайды.
02.09.2024 сағат 14:00де инклюзивті білім беру бойынша педагог-психолог лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурстық комиссия отырысы өтеді.
Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 21 тамызынан- 2024 жылдың 29 тамызын қоса алғанда.
Абай облысы, Семей қаласы Әуезов даңғылы 17 мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. мектеп поштасына электронды форматта semey_sosh27@mail.ru
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мектеп әкімшілігі