1,0 жүктемеде педагог-психолог бос орнына конкурс

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№16Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1,0 жүктемеде педагог-психолог бос орнына конкурс жариялайды

 

         Мемлекеттік білім беру ұйымының "педагог-психолог" пәні бойынша ваканттық қызметке қазақ тілінде оқытатын мектепке байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты. Біліктілік санаты: педагог-эксперт, педагог-зерттеуші.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 19 тамыздан 2024 жылдың 28 тамызға дейін.

Торайғыров көшесі, 121А мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта semey.sh16@mail.ru

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

      менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,

      еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

 

Құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).

Дата публикации
22 августа 2024