Конкурс на временно вакантную должность учителя истории

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

   Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17, т. 32-77-71, электрондық адрес: semey_sosh27@mail.ru

Мемлекеттік білім беру ұйымының  орыс сыныптарындағы  тарих пәнінің мұғалімі 1 декреттік демалыс орнына ваканттық қызметке лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Мұғалім білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;

педагогика мен психологияны;

пәнді оқыту әдістемесін, Тәрбие жұмысын, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;

құқық негіздері және еңбекті, экономика негіздерін;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.

Құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).

Дата публикации
20 августа 2024