Конкурс на преподавателя НВП - 1 ставка

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ  Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы оқытушының  бос орнына конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі# КММ Алғашқы әскери дайындық оқытушы ұйымдастырушы оқытушының бос орнына  қызметіне. 

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі:индекс 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 20

Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекен-жайы :student070707@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»КММ.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында,  hr-nobd.edu.kz сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 20.08-29.08.2024 жылға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Лауазымдық міндеттері:  

      оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім

алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен

тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы

мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке

қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған

тапсырмаларды жасайды.

Электронды журналдарды толтырады.

Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен

емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық

жетістіктерін қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу

процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың

отырыстарына қатысады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен

бейімділігін зерттейді.

Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере

отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды,

тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті

арттырады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен

нормаларын орындайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды

қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге

асырады.

Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті

жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім

беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен

енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

 

  1. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

       Арнайы педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған балаларды оқыту диагностикасының әдістерін меңгеруі,

       дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі,

       білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы,

       балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;

       балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу,

       балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

      2) "педагог – модератор":

      "педагог" санатының (санаты жоқ) жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

      тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін пайдалануы, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог – модератор" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

       балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;

       ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеуі және енгізуі;

        ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі,

      тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтауы, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог – сарапшы" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

      Дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін пайдалануы;

       қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі;

       облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;

       сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын игеруі, тәлімгерлікті жүзеге асыруы,

       облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтауы;

      психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог – зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс;, сонымен қатар:

       дефектологиялық ғылымның ең жаңа жетістіктерін енгізу;

      авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) болуы,

        тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау,

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болуы тиіс.

 

Құжаттар тізімі:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

            Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай:Абай облысы,  Семей қаласы,  Глинки 20

Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-15-97

Электрондық мекенжай : student070707@mail.ru

Дата публикации
20 августа 2024