Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Педагог-кәсіби бағдар беруші (оқыту қазақ және орыс тілінде)
декреттегі негізгі қызметкерді алмастыру уақытына конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогкәсіби бағдар беруші (оқыту қазақ және орыс тілінде) декреттегі негізгі қызметкерді
алмастыру уақытына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны : Абай облысы, Семей қаласы, Селевина к-сі 24 ,
Байланыс телефоны:8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық мекен-жайы: sssh35@mail.ru
Конкурс қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім
басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ .
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей
қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің
сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік
күнде 13.08.2024 ж. – 21.08.2024 ж. аралығында 8.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге
асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін
қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес
сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге
дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
1) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Педагогика және психология",
"Әлеуметтік ғылымдар" ("Психология" білім беру бағдарламаларының тобы)
кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
2) Және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы
бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы
үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
3) Және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша
жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау
жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге
асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына
немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық
таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби
бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды,
тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың
дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты
адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды
қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз
етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын
сақтайды.
. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім
туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және
білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге
де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика,
педагогикалық психология;
психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика
негіздері;
компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттықкоммуникациялық технологиялар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары,
санитариялық қағидалар мен нормалар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №
568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және
осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған
педагогтер қатысады.
1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды
қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың
тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық
құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік
санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына
кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,
ғылыми/академиялықдәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік
жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс
орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы
құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық
ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас
тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің
кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық
тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек
күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін:
Абай облысы , Семей қаласы, Селевина көшесі,24.
Байланыс нөмірі: 8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық адрес: sssh35@mail.ru хабарласу керек
«Абай облысы Семей қаласы
білім бөлімі» ММ басшысы
Б.З.Булабаевқа
2024-2025 о.ж. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН КАДРЛАРҒА СҰРАНЫС
№ Білім
мекемесінің
атауы
Мекенжайы
Байланыс
телефоны
Қажеттілік
/пән атауы/
Жүктеме Қажеттілік
себептері
1 Абай облысы
білім
басқармасының
Семей қаласы
білім бөлімінің
«№35 жалпы
орта білім
беретін
мектебі» КММ
Семей
қаласы,
Селевина
көшесі,24.
8 (7222)
38 – 26 -
51
Педагог-кәсіби
бағдар беруші
(оқыту қазақ
және орыс
тілінде)
1 бірлік
жүктеме
Декреттегі
негізгі
қызметкерді
алмастыру
уақытына
«№35 ЖОББМ» КММ директоры : Г.М.Махамбетова