Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Дефектолог (оқыту қазақ және орыс тілінде)
бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Дефектолог (оқыту қазақ және орыс тілінде) бос лауазымдық орынға конкурс
жариялайды.
Конкурсты өткізу орны : Абай облысы, Семей қаласы, Селевина к-сі 24 ,
Байланыс телефоны:8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық мекен-жайы: sssh35@mail.ru
Конкурс қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім
басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ .
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей
қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің
сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік
күнде 05.08.2024 ж. – 13.08.2024 ж. аралығында 8.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге
асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін
қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес
сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге
дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын
растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс
өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл,
педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін
мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
79. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша
түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін қолдануы керек;
арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық,
диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге
асыру;
дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін
жоспарлау және ұйымдастыру;
балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету,
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере
отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог
дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог – модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи
әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
3) "педагог – сарапшы":
"педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін
қолдану;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз
ету;
инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге
асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму
басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог – сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
дефектология ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалану;
арнайы педагогика және психология;
тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай
отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану,
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жалпылауға
тәлімгерлікті жүзеге асыру;
психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
арнайы педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізу;
педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптерін басшылыққа ала отырып, өзінің
кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру;
кәсіби даму траекториясына сәйкес өзін-өзі оқыту дағдыларын меңгеру;
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және
РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік
құралдардың авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтердің кәсіби
қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
Лауазымдық міндеттері:
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектепинтернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес
кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және
тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру
үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске
асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсетеді;
білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім
беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі
балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды
өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде
консультация береді;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына
сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін,
әдістері мен құралдарын пайдаланады;
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру
бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзетудамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту
орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім
беру ұйымдарының арнаулы педагогы Кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру
жүргізеді;
ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм
орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша
жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;
жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады
және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың
отырыстарына қатысады;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарымқатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды
қамтамасыз етеді.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім
туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналықпедагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің
мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы
қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №
568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және
осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған
педагогтер қатысады.
1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды
қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың
тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық
құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік
санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына
кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,
ғылыми/академиялықдәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік
жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс
орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы
құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар топтамасы толық
ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас
тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің
кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық
тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек
күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін:
Абай облысы , Семей қаласы, Селевина көшесі,24.
Байланыс нөмірі: 8 (7222)38 – 26 - 51
Электрондық адрес: sssh35@mail.ru хабарласу керек
«Абай облысы Семей қаласы
білім бөлімі» ММ басшысы
Б.З.Булабаевқа
2023-2024 о.ж. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН КАДРЛАРҒА СҰРАНЫС
№ Білім
мекемесінің
атауы
Мекенжайы
Байланыс
телефоны
Қажеттілік
/пән атауы/
Жүктеме Қажеттілік
себептері
1 Абай облысы
білім
басқармасының
Семей қаласы
білім бөлімінің
«№35 жалпы
орта білім
беретін
мектебі» КММ
Семей
қаласы,
Селевина
көшесі,24.
8 (7222)
38 – 26 -
51
Дефектолог
(оқыту қазақ
және орыс
тілінде)
075 бірлік
жүктеме
Бос
лауазымдық
орын
«№35 ЖОББМ» КММ директоры : Г.М.Махамбетова